- Негізгі бет
- Психология
- Жағажай бақыт сезімін...
Жағажай бақыт сезімін ұялатады
Когда так много позади
всего, в особенности - горя,
поддержки чьей-нибудь не жди,
сядь в поезд, высадись у моря.
И.Бродский
Көптеген адамдар бос уақытын табиғат аясында өткізуді ұнатады. Әсіресе, жылы жақта, теңіз жағалауында болу оң нәтижесін беріп жатады. Бұл демалыс қана емес, сондай-ақ, психологиялық денсаулыққа да пайдалы болып шықты. Арнайы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр.
Теңіздегі демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі. Теңіз жағалауында уақыт өткізу стрессті азайтады, шығармашылық ойлауды дамытады және басқа іс-әрекеттерге қарағанда әлдеқайда тұрақты психологиялық жағдайға жетуге көмектеседі. Сондай-ақ, ғалымдар бұл депрессияға қарсы күресуге көмектесетінін және өмірлік көзқарастарды оң бағытта өзгертуге ықпал ететінін айтты.
Келесі жолы демалысыңызды жоспарлаған кезде осы деректер есіңізде болсын.
А. Оралқызы