IQ-ден де маңызды қасиеттер

IQ-ден де маңызды қасиеттер
Фото: 4brain.ru

Бала кезден бізді неғұрлым ақылды болсаң, соғұрлым табысты боласың деп үйретеді. Бірақ жаһанда «ақылды болу» ұғымына келгенде адамдар сан түрлі пікір қалдырады. Бірі «ақылды болу» түсінігін емтихандардан сүрінбей өтумен, жоғары ұпай жинап, беске оқумен байланыстырса, кейбіреулері мұның дұрыс еместігін айтады.

Соңғы уақытта «ақылды болуға» құмарлық артып келеді. Тіпті, біреулер ақылды көріну үшін оқымаса да қолына кітап ұстауды әдетке айналдырған. Бірақ, табысқа қол жеткізу үшін ақылдан бөлек, адамға мынандай қасиеттер керек:

• Саналы болу
• Ашықтық
• Топта жұмыс жасау
• Эмоциялық тұрақтылық
• Экстраверт

Байқағаныңыздай, 21-ғасыр талабы бойынша адамға керек маңызды қасиеттердің барлығы адами қарым-қатынаспен әрі көңіл-күйдегі тұрақтылықпен өлшенеді.

Табысты болуға қалай әсер етеді?
• Бұл қасиеттерді бойына сіңірген адам көп жағдайда өзінің діттеген мақсатына қол жеткізеді.
• Финанс жағдайында табысты адамдардың  85%-ы бойында осы қасиеттер басым болған.  

Қандай қабілеттер маңызды?
Бұдан бөлек, зерттеушілер адамға керек мынандай қабілеттерді атап өткен.

Өзін-өзі басқару:
Өзін-өзі басқара алатын адам қашанда сұранысқа ие. Әсіресе, қоғам көңіл-күйіне ерік бермейтін адамды өмірдегі бар қиндықпен оңай күресуші  ретінде қабылдайды. 

Өсу менталитеті:
Бұл жағдайда екі адамды кездестіреміз:

  • "Дағдылар мен қабілеттерді туа біткен. Оны дамыту мүмкін емес."
  • "Дағдылар мен қабілеттерді кез келген уақытта жетілдіруге болады."

Алғашқы оймен өмір сүретін адамдар өмір бойы бір деңгейде қалады. Олар өзгелерді жазғырады, сынайды және оң нәтижеге ешқашан сенбейді.

Екінші түсінікпен өмір сүретін адмдар үздіксіз даму үстінде болады: олар оқиды, өз қабілетерін жетілдіреді әрі оны өз қажетіне қолдану жолдарын қарастырады.  

Икемділік:
Қателіктер мен сәтсіздіктерге қарап қорытынды шығаруда ең маңызды нәрсе – өзінің дәл қай тұста қателік жібергеніңді ұғыну. Келесі жолы мұнымен күресу икемділіктің басты талабы.

Құштарлық:
Құштарлық – адам мақсатына жету барысында керек ең басты қаілеттердің бірі. Құштарлық бар кезде адам мотивация іздеп әуре болмайды. Сонысымен ерекше.

Сана:
Саналы болу – өз әрекетінің толқынын сезіне алу. Яғни, алдын-ала қандай қиындыққа тап болатынын аңғару, өз іс-әрекетінің себебін түсіндіре білу де басты қасиет.

Тәуекелге бел буу:
Әлем тез өзгереді.  Егер сіз тәуекелге бел буып, кез келген іспен қорқынышсыз айналыса алсаңыз, заман ағымынан қалмайтыныңыз анық.

Әлеуметтік дағдылар:
Қоғаммен жұмыс істеу, адамдармен орнататын қарым-қатынас осының бәрі табысқа жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер.

Әрқашан ізденіспен өмір сүріңіз!

Т. Есқали