- Негізгі бет
- Психология
- Интуицияны дамытыңыз...
Интуицияны дамытыңыз
Интуиция - бізге қиын сәттері көмекке келетін ішкі дауысымыз. Сыртқы қоршаған ортаның әсеріне уақытында төтеп беруі үшін, интуицияны дамытып, жаттықтыруға болады. Бұл мақсатта ұйқыны қолдануға болады.
Сонымен, "ішкі дауысты" жаттықтыру үшін:
1. Төсегіңіздің маңына блокнот пен қалам қойып қойыңыз. Осылайша, ояна салып, көрген түсіңізді жазып ала аласыз. Ұйқыңыз ашылғаннан кейін түсіңіз жайлы қайта оқып, өзіңізге тереңірек ұғына аласыз.
2. Ұйқыға тапсырыс жасаңыз. Ұйықтайын деп бара жатқанда белгілі бір мәселелер жайлы ойланып, соны түсте көруге тырысыңыз. Толғандырған қиындықтарыңыз жайлы ойлансаңыз, түсіңізде санаңыз сұрақтарға жауап табуға көмектесе алады.
3. Ұйықтамас бұрын интуицияңызға белгілі бір сұрақ қойып, жауабын талап етіңіз.
4. Оңқай болсаңыз, сол қолмен, солақай болсаңыз, оң қолмен жазып дағдыланыңыз. Кейбір қиындықтарыңыз жайлы ойланып, басқа қолыңызбен жаза бастаңыз. Осылайша, логикалық ойлауды басып, интуицияға жол ашасыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: samaposebe.com
С. А