Интуицияны дамытудың жолдары #2

Интуицияны дамытудың жолдары #2
Фото: blogspot.com

Өткен материалымызда интуицияны дамытудың алғашқы екі әдісі жайлы айтқан едік. Назарларыңызға тағы екі амалды ұсынамыз.

Басы

Жағдайды шешу амалын іздеңіз

Кез келген адамның өмірінде «шешімі жоқ» жағдайлар болып тұруы мүмкін. Мұндай кезде сасқалақтамай, сабаға түсу керек. Мәселенің шешімі үнемі сіздің жадыңызға тұрады. Ішкі дауысыңызды тыңдап, оған сенуді үйреніңіз.

Жұмыстан шығып кетсеңіз, неге олай болғанын өзіңізден сұраңыз. Ішкі дауысыңыз жауапты нақ біледі. Бар болғаны оны ести білу керек. Келесі қадам: жаңа жұмысқа тұруға тырысу.

Интуиция сіз сұрақ қойған кезде жұмыс істей бастайды. Нақтырақ айтқанда, ол «мәселе – себебін анықтау – шешімдерді табу – ең ұтымды шешімді анықтау – нәтиже» деген схема бойынша жұмыс істейді. Логика мен интуиция бір-біріне паралель жатқанмен өмірде тоғысатын жерлері болады. Мұны да ұмытпағайсыз.

Ішкі жан дүниені тану

Күніне ең болмағанда жарты сағатты өзіңізге арнаңыз. Бұл не үшін керек? Өзіңізді тану барысында сіз өз сезіміңіз бен ойларыңызды түсіне бастайсыз.

Жалғыздықтан қорықпаңыз. Себебі, нағыз бақыт біреудің қолында емес, өз ішімізде, санамызда. Сіз оны тауып алуыңыз керек.

Интуицияға әр адам әртүрлі анықтама береді. Бірі оны іштен шығатын дауыс десе, бірі дұрыс емес шешім қабылдау кезіндегі қорқыныш ретінде таниды.

Ішкі дауысыңызды тыңдай біліңіз. Ол әр адамға тән, табиғаттан дарыған мүмкіндік. Және ол сіздің өміріңізді танымастай қылып өзгертуге қауқарлы.

Ф. Абилова