Интроверт — бар қуаты ішке қарай бағытталған адам. Ол өзімен өзі қалудан жасқанбайды. Ол салмақты, зейінді сонымен қатар ойланып әрекет етеді.
Интроверттер бір көргенде тұйық, ешкіммен сөйлесе бермейтін болуы мүмкін. Бірақ, олар тек жақындарымен ашылып сөйлеседі. Тек қоғаммен араласу олардың бойындағы күшін өздеріне тартып алады.
Оның ең жақын адамдарының қатары тек 2-3 адаммен шектеледі. Көп сөйлей бермейтін ол, тек өзі сүйетін адамдармен сағаттап әңгіме айтуға бар.
Интроверттер үшін жалғыздық аса қорқынышты емес. Ол тіпті бірнеше адамның ортасында өзін жалғыз сезінуі әбден мүмкін. Жалғыз серуендеу, кітаппен өткізген кештер ғана оған күш береді.
Экстраверт – бар күшін сыртқа арнайтын адам. Ол – ашық -жарқын, белсенді. Өмірге көзқарасы тұрғысынан оптимист. Өзің көрсетуден шаршамайды.
Экстраверттер адамдармен қарым-қатынастан бойына күш алады. Оның достары мен таныстары өте көп.
Экстраверттермен өткізге әр уақытыңыз көңілді болары сөзсіз. Ол жиі қонақ шақырады, адамдар толы ортады жиі уақыт өткізеді.
• Алдымен ойланып, кейін әрекет жасайтын болсаңыз;
• Араласатын ортаңызды кеңейтуге тырыспайтын болсаңыз;
• Сұрақтар мен бос әңгімені ұнатпайтын болсаңыз;
• Халық алдында өнер көрсетуден бас тартатын болсаңыз, көп адам бар ортадан қашар болсаңыз;
• Телефон шалуға тиміді болғанына қарамастан, хабарлама жазасыз.
• Алдымен әрекет етіп, кейін ойланатын болсаңыз;
• Достарыңыз бен таныстарыңыз көп болса;
• Әңгімелескенді жаныңыз сүйсе;
• Жиі кештерге, концерттерге барсаңыз;
• Хабарламадан гөрі, қоңырау шалуды сүйсеңіз.
Сіз интровертсіз, егерСіз экстравертсіз, егер