Шығармашылық идеялармен қоректенсе, идеялар мида туады. Елестетіп көріңізші, миыңызда бірнеше мыңдаған қорапша бар. Өміріңіздегі әрбір жағдай солардың әрқайсысына жеке-жеке сақталады. Кейде қораптардың ауызы ашық қалады да, ішіндегі естеліктер төгіле бастады. Естеліктер бір-бірімен кездейсоқ бірігеді. Біз өзімізді жайлы сезінген сайын, соғұрлым қораптардың ауызы жиі ашылады. Бұл үрдіс кезінде біздің басымызда идеялар туу мүмкіндігі артады. Әркімде әр түрлі жағдайда: бірі спортпен шұғылдану барысында, бірінде көлік жүргізіп келе жатқанда орын алады. Ми бар ауыртпалықтан арылған кезде неше түрлі ойлар пайда болады. Олар қарапайым, сізге таныс, тіпті маңызды болмауы да мүмкін. Кейде олармен жағаласып, біз шығармашылық ойлар деп атайтын идеялар да келеді. Яғни, идея түсініктер, бастан өткерген оқиғалар, ойлар мен түрлі жағдайлардың кездейсоқ бірігуі. Біз ешқашан жаңа ешнәрсе ойлап таппаймыз. Біз анық нәрселерді біріктіреміз. Миыңыздағы шудың деңгейі төмендеген сайын, жанымыз тыныштықта, сүйікті ісімізбен шұғылдану барысында тың идеялар өмірге келеді. Сондықтан, адам демалыстан соң ерекше қуатпен жұмысқа кіріседі.