- Негізгі бет
- Психология
- i-balaqai эфирінде блогер...
i-balaqai эфирінде блогер Ержан Есімханов: Ер адамның отбасыдағы ролі
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында заңгер, блогер Ержан Есімханов ер адам қандай болуы керегін, сондай-ақ отбасыдағы ер адамның, әкенің және ағаның ролі туралы сөз қозғайды.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз.
Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.
i-balaqai жобасының келесі шығарылымы 26 сәуірде "Саналы түрде әке болу" атты тақырыпта өтеді. Сағат 20:00-де заңгер, блогер Ержан Есімханов Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында оқырмандардың сауалына жауап береді. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында эфир қонағы бағдарлама жүргізушісі Нұркен Халықбергеновпен әңгіме құрады. Бағдарламада ер адам қандай болу керегі және бала тәрбиесінде қол көтеріп жазалағау мәселесі талқыланады. Сарапшы ер адамды бала тәрбиесіне икемдеуге қатысты кеңес береді.
Ержан Есімханов - қазақстандық заңгер, блогер, жүзуден марафоншы, Oceanman кітабының авторы.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді.
Т. Раушанұлы