Хироо Онода. Соғыстан кейінгі соғыс

Көптеген шетелдік БАҚ беттерінде "соңғы самурай" атанып жүрген кейіпкеріміз туралы оңды-теріс пікір көп айтылады. Біз баяндайық, ал ол әлемді дүр сілкіндірген нағыз қаһарман ба, жоқ әлде жәй ғана ақымақ па, өзіңіз шешерсіз...

Екінші дүниежүзілік соғысы уақытында жапон самурайлары Тынық мұхитының көптеген аралдарына таралып кеткен еді. Солардың бірі Лубанг аралында Накано атты жаттығу лагеріне осы жазбамыздың кейіпкері түседі.

Соңғы самурай

Біз басынан бастайық. Күтпеген жағдайда аралға жау шабады. Бұл жапон-қытай соғысы еді (1937-1945). 

АҚШ пен Ұлыбритания қатысқан бұл соғыста жапон империясы Гонконг, Филиппиндер, Маллаку елдерін жаулап алады. Бірақ 1942 жылы-ақ Коралл аралдарындағы сәтсіз әрекеттерден кейін бұл елдің мұхиттағы кеңістікке шығуға мүмкіндігі болмай қалады. 1944 жылы 17 желтоқсан күні Танигути майоры лейтенант Хироо Онодеге партизандық отрядты басқару құқын береді.  

«Біз шегініп барамыз, бірақ бұл уақытша ғана. Сендер тауға барыңдар да – миналар қойыңдар, қоймаларды жарып жіберіңдер. Өздеріңді өлтіруге және жау қолына берілуге болмайды. Үш, төрт немесе бес жыл өтуі мүмкін, бірақ мен сендерге ораламын. Бұл бұйрықты менен басқа ешкім де қайтара алмайды»

Танагути майорының бұйрығы

Бұдан кейін тау бөктеріне тығылған Хироо отряды жау қолынан қырыла бастайды. Абырой болғанда, 22 жастағы Хироо қоластындағы үш жауынгермен бірге орманға қашып құтылады. Ондағы тұрғылықты елді-мекенді соғыс аяқталғанша тік тұрғызған да солар еді. Олар осы бір елеусіз қалған аралда өзінше соғысып жүрген кезде Жапонияда атақты Хиросима мен Нагасаки атом бомбалары жарылды, Квантун әскері қырылды, соңыра Жапония жеңіліп, соғыс аяқталады.

Американдық солдаттар болса «Жапония 15 тамызда жеңілді. Таулардан түсіңдер де беріліңдер!» деген тілім қағаздарды партизандардың үстінен ұшақпен жүріп жаудырды. Бірақ мұндай ақпаратты теріс насихатқа балаған экс-империя жауынгерлері барынша шыдап бағады. Тек бір ғана адам жау қолына беріледі. Партизандық өмірден шаршаған жауынгерлердің бірі Юити Акацу екі қолын көтере жаулап алушы елдің құзырына көнеді. 1952 жылы да аралдарға ұшақ арқылы жауынгерлердің туысқандары бейнеленген суреттер мен хаттар жауды. Мұнда да суреттер мен хаттар үш жауынгерден тұратын армияның өзге бір «керегіне» жарапты.

 

1954 жылы 7 мамары күні филиппин полицейлерімен болған атыста Гонтин жағалауында капрал Симада қаза табады. Онода өз құзырындағы жалғыз жауынгер Козукамен бірге ну орманға кіреді де пана іздейді. Олар жерді тереңнен қазып, сол үңгірдің ішінде мекендеуге бекінеді.

Қабырғаларына «Жеңіске дейін соғысу» деген ұранды жазып қояды, ал қарсы бетке императордың банан жемісінің жапырағы арқылы салынған суретін іледі.

Бір қызығы, филиппиндік полицияны олар жау жауынгерлері екен деп ара-тұра шабуыл жасап отырады екен. Сондай шабуылдардың бірінде Онода радиоқабылдауыш тауып алады да әлемдегі жаңалықтар туралы ақпарат алып отырады.

Бірақ осы ақпараттың барлығын да Оноде ақпараттық соғыстың нәтижесі деп таниды, ал императорлық билік Манчжурия даласында жасырынып отыруы керек деп болжайды. Осы уақытта, яғни 1959 жылы Хироо Жапонияда ресми түрде өлдіге саналады.

Содан, 1972 жылдың 19 қазанында Имора ауылының филиппиндік сақшыларына шабуыл жасаған сәтте Кодзука қаза табады да, Онода жалғыз қалады. Бұл жаңалық Жапонияға барған кезде халық шарасыз күйде жағасын ұстаған көрінеді, кейін жалғыз солдатты іздестіру жұмыстары жүргізіле бастайды. Табылмаған кезде билік соңғы бір шарасын қолданады, тағы да ұшақпен хаттар жаудыру. Онода, әрине, бұл «арандатуға» тағы да сенбейді.

«Қолға түсті!»

Хироомен 1974 жылы 20 ақпанда Норио Судзуки есімді көбелек жинаушы студент орманда ойда жоқта кезігіп қалады. Өз жерлесі екенін білген соң Онода оны өлтірмейді. Студент жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, соғыстың біткенін айтқанда да Онода «Сенбеймін. Майор бұйрықты алмайынша соғыса беремін» дейді. Судзуки оның қолынан аман-есен босап шыққан соң Жапонияға тартып отырады. Ол Филиппинде кітап дүкенінде қызмет жасайтын Оноданың бұрынғы командирін тауып алады.  

Содан бәрі де белгілі болып, 1974 жылы 10 наурыз күні Хироо Онода Арисака 99 мылтығын, 500 оқ-дәрісін, бірнеше қол гранатасын, самурай қылышын асынып, орманнан шығады да, арнайы келген бұрынғы командир, майоры Танигутидың алдында берілген екен.

Жазалау

Барлық партизандық іс-әрекеттері үшін (30 адамды өлтіргені, 100 адамды жарақаттағаны) жергілікті заң оны өлім жазасына кеседі. Бірақ Жапондық сыртық істер министрлігінің тер төгуімен Онода аман қалады. Филиппиндер президенті Фердинанд Маркос оны кешіріп, отанына жібереді. 1996 жылы Хироо Онода Лубанг аралына қайтадан барып, жергілікті мектептерінің біріне өз қалтасынан 10 000 доллар көлемінде көмек көрсетеді.

Хироо Онода: "Егер сіз жылдар бойы орманда мекендесеңіз, онда оның бір бөлшегіне айналар едіңіз. Сонда жыланның өзі келіп ешқашан да шақпайтынын, оның сізден өлердей қорқатынын түсінер едіңіз. Өрмекшілерді де солай ойлар едіңіз, олар да адамға шабуыл жасамайды. Бастысы – сіз оларға тиіспесеңіз болғаны. Әрине, орманда алғашқы кезде қорқынышты болды. Бірақ бір айдан кейін бәрі де үйреншікті бола кетеді. Біз аңдардан емес, адамдардан қорғандық, тіпті банан сорпасын да түнде қайнататын едік..."

 

Дау

Соғыстан соң Хироо бейбіт өмір салтына үйрене алмайды. Оның үстіне, кейбір мүддешіл БАҚ оны бейбіт тұрғындарды саналы түрде, әдейі өлтірді деп айыптай бастады. Бұған қарсы тағы бір пікір бар: өз еліне келгенде ұлттың қаһарманы деп те мадақталады. Жапонияның парламент өкілдігі, бір миллион иен, тіпті Жапония премьер-министрімен кездесу... Бірақ ол мұның біріне де өзін лайық деп таппаған. 

Бұдан кейін ол мал бағу ісімен айналысу үшін жабайы маймылдары бар Бразилияға кетеді. Онда да «Бразилия жапондары» ұйымын құрып, үйленеді. Бірақ ол өз отанына қайтып келіп, өз өмірі жайлы кітап жазып шығады. Қазіргі таңда оның денсаулығы жақсы, ал өзі балаларға орманда қалайша адаспау керектігі жайлы сабақ береді. Міне, Онода есімді соңғы самурайдың өмірі осылай. Ал сіз, құрметті оқырман, бұл туралы не ойлайсыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lurkmore.to, seductionservice.com