Қысқаметражды бұл анимациялық мультфильмнен көретіндеріңіз ХХІ ғасырдағы жігіт пен қыздың махаббаты. Ғашықтықтан есі кеткен жігіт ұялы телефонға байланған қыздың соңынан жүгірумен болады. Бірақ еш нәтиже болмаған соң ақыры әлі кеткен сері серпіліс жасаудан да қалады. Бірақ бір күні өзінің бақытын тапты. Бұл – тағдыр. Өзі іздегені емес аяқ асты жолыққан махаббаты баянды болып кеткеніне бақытты жігітің хикаясын тамашалаңыздар.