- Негізгі бет
- Психология
- Ғылыми зерттеу: Суретке...
Ғылыми зерттеу: Суретке түсірілген тамақ дәмдірек көрінеді
Әулие Иосиф Университеті мен Сан-Диего Университетінің ғалымдары әлеуметтік желілерде тағам суретін жариялауға қатысты зерттеу жасаған. Оның нәтижесі бойынша, суретке түсірілген тамақ адамға әлдеқайда дәттірек көрінетін болып шықты. Бірақ, бұл тек десерттерге ғана қатысты.
Тәжірибеге қатысқан адамдар екі топқа бөлінген. Олардың біріне күнделікті желінетін тамақ ұсынылса, екінші топтың үстеліне тек тәттілер, яғни, десерттер қойылған. Кейін осы топтардың әрқайсысы тағы екі топқа бөлініп, біріне тамақ жемес бұрын оны суретке түсіріп әлеуметтік желіге жүктеу тапсырылған. Ал, екінші топ бірден ас жеуге кіріскен.
Зерттеушілердің айтуынша, десертті инстаграмға жариялаған топ тағамды өте дәмді деп бағаласа, суретке түсірмен топ мүшелерінің аса көңілі толмаған. Ал, күнделікті тағам жеген адамдардың екі тобы да тағамды бірдей бағалапты.
Ғалымдар тағамды суретке түсіру барысында адам оның дәмі мен иісіне көбірек көңіл бөлетінін айтады. Бұл алдына қойылған асты сүйсіне жеуге септігін тигізеді екен.
А. Оралқызы