Ғашықтықты жеңудің жолдары

Ғашықтықты жеңудің жолдары

Адамдарға ғашық болып қалатын сәттеріңіз жиі болып тұра ма? Әсіресе, махабатыңызға мүлде лайық емес адамдарға. Мейлі әртүрлі, мейлі бір адамға болсын. Одан арылудың жолдары бар. Олай болса алдыңызға көрінгенге ғашық болмаймын деп мақсат қойыңыз және соған жету үшін тырысып бағыңыз.

1) Қылымсығанды (флиртті) доғарыңыз. Өйткені, қылымсу – маңдайыңызға үлкен әріптермен сені ұнатып қалдым деп жазып қоюмен тең.

2) Оларды бірден досым деп атаңыз. Бұл сізге ғашығыңызды ақ боз атты ханзада ретінде қабылдамауға себін тигізеді. Керісінше, бұл менің жәй жолдасым деген ой салады.

3) Ол адамға ғашық болудың қажеті жоқ екенін дәлелдейтін жаман жақтарын іздеңіз. Мүмкін, ол жігіт тым қу болар? Өтірікті де жақсы айтатын шығар? Бір басында қанша қызы бар екен? деген секілді сұрақтарға жауап іздеңіз.

4) Оған не себепті ғашық екеніңізді анықтаңыз. Үнемі біреуге ғашық болып жүре берсеңіз, сізді кім ұнатады? Сізге кім ғашық болады?

5) Дистанцияны сақтаңыз. Оңтайлы сәт пайда болысымен, оны айналшықтағанды қойыңыз. Мойнына асылу, түртіп қалу дегенді ойламаңыз.

6) Бос қиялыңызды доғарыңыз. Қыз баласының ойы жүйрік қой. Болашақта бірге боламыз, осыншама баламыз болады, ол маған күнде гүл сыйлайды дегендерді де шетке ысырып қойғаныңыз жөн. Әр дәптеріңіздің бұрышына жазып қойған мен сені сүйем, жүрекше, ...+... деген жазбаларды қоқысқа тастаңыз.

7) Өзіңіздің бұл күйге түсуіңіздің себебін анықтаңыз. Мүмкін, жалғыздық мезі қылған шығар.  Әдетте, жаныңызға сүйеу болар бір ғана адам емес, көп достар қажет болған жағдайда осындай болып тұрады.

Кеңестер:

- Өзіңіздің кім екеніңізді, не қалайтындығыңызды үнемі жадыңызда ұстаңыз.

- Жынысы бір жандармен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Романтикалық қиялдардан арылуға көмектеседі.

- Үлкен ақ қағазға кішкене кезіңізде аңсаған ханзадаңыз туралы жазыңыз. Өзіңізге мүлдем назар аудармайтын ханзада туралы аңсамаған шығарсыз.

- Жүрегіңіздің есігін жабуды үйреніңіз. Бұл бәрінен теріс айналу емес, махаббат сезімі ақырын тұтанып барып алаулап жанатынын есте сақтаңыз.

- Сенімді досыңызбен осы жайында сырласыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:magazinelove.ru

Қ. Бүйенбай