Жұлдызжорамалына сәйкес ғашықтардың айрылысуының себептері:
Тоқты – әділетсіздік
Торпақтар өзгелердің пікірімен көп санаса бермейді. Әрдайым өз ұстанымдарын жоғары қояды. Өз күшіне ғана сенеді және мұндай күштің басқаларда болуы мүмкін емес деп ойлайды. Жанындағы сүйіктісінің кемшіліктерін сынағанды жақсы көреді. Мұндайға кім де болсын төзе бермейтіні анық.
Егіздер – тез ренжиді
Егіздер - ең нәзік адамдар. Оны сізге көрсеткен қамқорлығынан-ақ байқауыңызға болады. Әрдайым «Сенің бір жерің ауырып қалмады ма?», «Жаңағы сөздерімді көңіліңе алып қалдың ба?» сынды сөздерді жиі айтады. Осы мінездері сүйіктілерін мезі етіп жіберуі мүмкін.
Торпақ – сақтық
Торпақтардың мінезі өзгергіш келеді. Сүйіктісі өзін сатып кетпейінше құлай сүюге әзір тұрады. Ал сатқындық жасаған кезде, тіпті, сүйіктісі секілді қымбат адамның болғанын ұмытып кетуі ғажап емес. Сүйіктісін басқа жұлдыздарға қарағанда оңай ауыстырады.
Шаян – жуастық
Шаяндар жұмсақ, шыдамды, өзгелерді құлай сүйетін жандар. Сүйіктісінің жағымсыз қылықтарын шексіз кешіре беруі мүмкін. Мұндайға өзге жұлдыздар төзе алмайды. Осы жуастықтары сүйіктілеріне жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.
Арыстан – арыстандарға бәрібір
Арыстандар сүйіктілерінің кемшіліктерін байқай бермейді. Бұл жақсы көргендіктен емес, керісінше шын мәнінде бәрібір болғандықтан. Олар өз уақытын артық шығындамауды жөн көреді.
Мерген – шектен асқан байқағыштық
Мергендер уақыты «тығыз» болғандықтан, сүйіктілерінің кемшіліктерін байқай бермейді. Олар әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Бұл әрекеттері арыстандарға ұқсас. Оған шын мәнінде жақпайтын қылықтар жасасаңыз да, назар аудармайды. Бірақ, бір байқаса, бүркітпен түлкі қуған аңшыдай соңынан қалмай қояды. Алғашында бақылап жүргенін көрсетпейді. Жағымсыз қылықтардың тізімін жасамаса да, барлығын есінде сақтайды. Ұрысып жатқан кезде тізіп айтып беруге дайын тұрады. Мұндай жағымсыз мінезін өзі де байқамауы мүкін.
Балықтар – тым сезімтал
Балықтар жібектей жұмсақ, аса сабырлы жандар. Ғашық болған жағдайда кемшіліктің барлығына көз жұма қарайды. Алайда жағымсыз мінезбен оларды оңай шошытып алуға болады.
Бикеш – ұялшақтық
Бикештер көңіліне тиетін әзіл айтып жатса да, былапыт сөздерді естісе де мән бермей тұра береді. Кейде қоштап кетуі де мүмкін. Өзін сүйіктісінің қорлағанына төзсе де, намысшыл келеді. Достары немесе туысқандары сүйіктісінің мұны қорлап жүргендігін бетіне басып айтса, міндетті түрде шаралар қолданады. Сүйіктісі кешірім сұрамаса да, кешіруге дайын тұрады.
Тауешкі - менмендік
Сүйіктісінің кемшіліктерін бетіне басып айтады. Артынша өкінгенімен, кешірім сұрамайды. Бұл – бала күнінен қалыптасып қалған қасиеті.
Таразы – шектен тыс қайырымды
Таразылардың шыдамдылығына ешбір жұлдыз теңесе алмайды. Олар құлай сүйеді. Жатса да, тұрса да сүйіктісінің жағдайын ойлайды. Сүйіктісі үшін ғана өмір сүреді деуге болады. Өзін қадірлемейтін адамның өзгелерге ұнай қоятындығы күмән келтіреді.
Сарышаян – түсініспеушілік
Сүйіктісімен арасында болып жатқан түсініспеушілікке қарамастан, шындыққа тура қарағысы келмейді.
Суқұйғыш – кек
Суқұйғыштар табиғатынан мейірімді болып келеді. Ұзақ уақыт өзіне жақпаған адамның бетіне қарап күлімсіреп, иықтарымен білмеймін деген нышан білдіруі мүмкін. Олар жауласуды ұнатпайды. Бұл – үлкен артықшылықтары. Бірақ, шыдамы шегіне жеткен кезде еш нәрсені тыңдамастан, есікті тарс жауып кетіп қалады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: mk-turkey.ru