2-БӨЛІМ
Егер қолыңызға шындықты айтатын тас түссе, нені білгіңіз келер еді? Нені армандайсыз? Неге арманыңыз шындыққа әлі айналмады? Өмірлік жетістігіңіз не? Достық қарым-қатынаста сіз үшін ең құнды нәрсе. Ең қымбат естелігіңіз қандай? Ең орынсыз естелігіңіз ше? Достық деген не? Махаббат пен нәзіктік сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады? Өзіңіз бағалайтын адами қасиеттер қандай? Отбасыңызда жылулықты сезіндіңіз бе? Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Әке деген ұғым сізге нені білдіреді?3-БӨЛІМ
Сіз дәл қазір қандай сезімдесіз? Жалғастырыңыз: «...... бөлісу үшін жанымда жақын адамның болғанын қалаймын» Сіздің досыңыз сіз туралы нені білуі тиіс? Кездейсоқ танысыңызға айта алмайтын сөзді айтыңыз. Өмірде қатты ұялған сәтіңіз. Қашан көзіңізге жас алып едіңіз? Өзіңіз бағалайтын қасиетті атаңыз. Сіздіңше әзілдеуге келмейтін салмақты тақырып қандай? Егер ешкіммен сөйлеспей өлуіңіз мүмкін жағдай туса, неге өкінер едіңіз? Сіздің үйіңіз өртенуде, ішінде туысқандарыңыз бен үй жануары бар. Құтқаруға уақытыңыз бар. Нені алып шығар едіңіз? Неге? Кімнің өлімі жаныңызды жаралар еді? Жеке мәселелеріңізді басқа қалай шешуге болатын еді?