Массагеттіктер адамдарға мотивация болатын, оларды қандайда бір іс атқаруға ынталандыратын, терең ойландырып, жақсы қорытынды жасауға болатын мақала жазуды жөн көрді. Интернет форумдарды, әлеуметтік желілерді және қоғамдастықтарды көре отырып, денсаулық проблемалары, кедей өмір сүретіндері және білім жетіспеушілігі мен қаржы мәселесінің тапшылығы т.б. жайлы жазылған жазбаларды таразылады.
Шынымен, әрбір адам тығырыққа тіреліп, өмірде ешбір шешімі жоқ болып көрінетін проблемаларға тап болып жатады, әсіресе қазіргі қазақ жастары. Осыған орай, біз массагет сайтының барлық оқырмандарына жігерлік пен сенімділік берер деген үмітпен Гарвард студенттері айтқан кейбір нақыл сөздерді ұсынамыз.
Сонымен, кеттік:
1. Егер сен қазір ұйықтайтын болсаң, түсіңде арманыңды көресің, ал егер ұйқы орнына оқитын болсаң, арманыңды іске асырасың.
2. Тіпті қазірдің өзінде сенің дұшпандарың құмарлана білім алуда.
3. Білім алу азабы уақытша, ал білімсіздік азабы мәңгілік.
4. Оқу - уақыт емес. Оқу - жігер.
5. Өмір - тек оқу ғана емес, бірақ өмірдің тіпті осы кезеңінен де өте алмасаң, бұл өмірде неден үміттісің?
6. Жұмсалған күш пен жігер нәтижесінде жаныңа ләззат сыйлауы мүмкін.
7. Тек бар күш-қуатын салып, бар ынтасымен еңбектенгендер ғана өзінің жетістігімен рақаттана алады.
8. Өмірде табысты болу бәрінің қолынан келе бермейді. Бірақ табыс өздігінен жетіліп, батылдық көрсеткен жағдайда келеді.
9. Уақыт өтуде.
10. Терлемесең тиын таппайсың.
Сурет: sovetbl.ru