Ғалымдар көреалмаушылық мидың денеге ауырлық түскенде жауап қайыратын бөлігі арқылы пайда болатындығын анықтап отыр. Оның жақсы, жаман түрлері болсын спорт пен мансапта үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Мұнымен қатар, өмірде не нәрсені қалайтындығымызды айқындап береді. Олай болса бұл қасиеттің пайдалы тұстарын анықтайық.
Көреалмаушылық сезімінің арқасында мидың назар мен есте сақтауға жауап беретін бөлігі іске қосылады.
Әжелеріміз бен аналарымыз, мектептегі ұстаздарымыз көреалмаушылықтың жаман қасиет екендігін үйретумен болды. Өсіп білім алған соң эмоцияның жақсы немесе жаман болмайтындығын анықтадық. Ендігі кезекте көреалмаушылықтың қай сәттерде туындайтындығынан бұрын, қандай пайдасы бар екенін анықтайық.
Шын мәнінде нені қалайтындығыңызды анықтап алыңыз...
Көреалмаушылықтың арқасында өзімізге шын мәнінде не керектігін анықтап алуымызға болады. Оның жоқтығы да дәл солай түсіндіріледі. Мысалы, жан құрбыңыздың сұлулық сайысынан бірінші орын алғанын естіген соң тек қуанған болсаңыз, 5 жыл бұрын өзіңізге лайық жолды таңдағандығыңыз. Өзіңіз армандаған оқу орнына сыныбыңыздағы үлгерімі нашар оқушы қиындықсыз түскен жағдайда қандай әсерде болдыңыз? Артынан сөз таратып, онымен қарым-қатынасты үздіңіз бе? Мұның бірін де жасамаған болсаңыз, сіз өз жолыңызбен адаспай жүріп келесіз.
...басқа адамдар нені қалайды?
Жасымыз ұлғайған сайын бұл қасиет бойымыздан кете бастайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 30 жасқа дейінгі 4 адамның 3-і, 60 жастан асқандардың тек 1-і осы қасиетке ие болады.
Неміс әлеуметтанушысы Гельмут Шек осы қасиеттің арқасында ғана қоғамның біртұтастығы сақталып тұрғандығын алға тартады. Ол болмаған жағдайда адамдар алға ұмтылмайтын еді дейді. Ал француз психологы Рене Жерар көреалмаушылықтың арқасында еліктеу туып, адам баласы бар өмірін жан таласып өмір сүруге арнайды. Сол жан таласудың арқасында мемлекетке пайда түседі дейді.
Қоғам мүшелерімен жарысу
Өзгені көреалмаймын деп жамандық жасаудың еш қажеті жоқ. Мысалы, құрбыңыз қажет уақытында салмақ тастап, сымбатты болып жүрсе, сіз де жарысыңыз. Менен де сымбатты болып кетпесін деп шәйіне артық қант салып жіберу секілді арамдық жарамайды. Ғалымдар қай жерде жүрсеңіз де жарысып жүргендей сезімде болыңыз деп кеңес береді.
Барлығын көзбен көріңіз
Психолог мамандар армандар орындалу үшін оны көзбен елестетіп көре білу керектігін айтады. Профессор психолог Сьюзан Фикс қалауыңызды, жетістіктеріңізді ойша елестетпейінше орындалмайтындығын айтады. Мұнымен қатар кеше досыңыз мініп жүрген көлікті ғана емес, оған қол жеткізу жолын да елестеткеніңіз жөн. Сол көлікке отырып оталдырып жатқаныңыз, есігін ашқандағы дауысы барлығы бүге-шүгесіне дейін елестеуі қажет. Өкінішке орай жәй ғана елестету жеткіліксіз, армандар орындалу үшін қажырлы еңбек қажет.
Кімді көреалмасаңыз солардан үйреніңіз
Психологтар бұл әдістің жақсы жұмыс істейтіндігін айтады. Алайда ол адамдардың тікелей көшірмесін жасаудың қажеті жоқ, тек олар қолданатын әдістерді пайдалансақ болғаны.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: pravmir.ru