- Негізгі бет
- Психология
- Ғалымдар: адамдар кешкі...
Ғалымдар: адамдар кешкі мезгілде өтірік айтуға бейім келеді
«Association for Psychological Science» журналына мақаласын жариялаған американдық ғалымдар адамдардың кешкі мезгілде өтірік айтуға бейім келетіндіктерін айтады.
«Адамдардың көпшілігі өздерін ақтап алу үшін өтірік айтады. Әсіресе тәуліктің түнгі бөлігінде өтірікті көбірек айтады», - деп жазады Гарвард университетінің докторы Мариам Коучаки мен Дэвид Эклес атындағы университеттің оқытушысы Исаак Смит. Мұны тексеру үшін олар 4 сатыдан тұратын зерттеу жүргізген.
Алғашқысына барлығы 62 студент қатысқан (47 ер адам және 15 әйел адам). Олар таңертең және кешке компьютер экранындағы екіге бөлінген төртбұрыштың қайсысында көбірек нүкте салынғандығын анықтаған. Мұнымен қатар, төртбұрыштың оң жағын таңдаған көбірек, сол жағын таңдаған адам азырақ ақша алатындықтарын ескерткен. Яғни студенттерге өтірік айтып, қомақты ақша тауып алуға мүмкіндік берілген. Осы зерттеулердің нәтижесі бойынша қатысушылардың 43% таңертең, 65% кешкі мезгілде өтірік айтқан.
Сол себепті өмірдегі ең маңызды деген шешімдерді таңертең қабылдаған дұрыс. Болашақта Коучаки мен Смит жаман әдеттерден арылып, өтіріктен бойды аулақ ұстау үшін не істеу керектігін анықтайтын зерттеулер жүргізеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kattani.kz
Қ. Бүйенбай