Бенджамин Франклин – сабын жасаушының баласы. Ұйымдастырғыш қабілетінің арқасында ол өзін көп жерде шыңдай алды: саясатта, дипломатиялық қарым-қатынаста, ғылымда, публицистикада. Ол Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылардың бірі, сол елдің тәуелсіздік декларациясы мен конституциясын құрастырушы. Оның портреті 100 доллар ақша белгісінде бейнеленген. Бірақ ол ешқашан АҚШ-тың президенті болған емес.
«Ақшаның мезгілі» («Время деньги»), «Бүгін қолыңнан келетінді ертеңге қалдырма» («Не откладывайте на завтра то, что можно сделать сегодня») деген қанатты сөздері кей адамдарға қанат бітіріп жүр. Мезгіл демекші, уақытты Франклин үшін өте маңызды болатын. «Өмірді сүйесің бе? Ендеше уақытыңды жоғалтпа, уақыт – сенің өміріңнен құралған мата» деп уақыттың қадірін түсіндірген.
Мына пирамидадан көріп тұрғандарыңыздай, оның іргетасын өмірлік құндылықтар құрап тұр. Бұл кез келген мәселенің шешім таба алатын басты нысана. Мұны Франклин ізгіліктің белгісі деп атаған. 20 жасында-ақ Франклин өмірін толық қамтитын уақыт жүйесін құрастырған. Қазіргі білгіштер бұл жүйені «Франклин пирамидасы» деп атаған. Кей жерлерде «нәтиже пирамидасы» деп аталады.
Ол ізгілікке жол бастап апаратын 13 құндылықты атап өткен: сабырлылық, тұйықтық, тәртіпті сүю, шешім қабылдау, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, адалдық, шыншылдық, ұстамдылық, тазалық, тыныштық, ұждандылық, ұяңдық.
Ол күнде өз-өзіне есеп беріп отырған. Қойын дәптеріне өмірлік қағидаларын түртіп жүрген. Қойын дәптерін екі апта үшін жеті бағанға бөліп сызып, оның үстіне жоғарыда аталған құндылықтар санына сәйкес 13 көлденең сызық сызған. Өткен күнде қай құндылықтың кемшін қалғанын белгілеп, жетістігін ерекшелеп отырған екен.
Ал пирамиданың екінші сатысы – ғаламдық мақсат. Мұнда өмірлік қағидалар қоры жиналып, «Мынандайыншы жылы нег қол жеткізгім келеді?» деген сұраққа жауап іздейді. Мысалы, дәрігердің ғаламдық мақсаты 35 жасқа дейін бөлім меңгеруішісі атану, ал менеджер өз стартап жобасын жасауды мақсат етеді деген секілді.
Негізгі жоспар – ғаламдық мақсатқа жету үшін құрастырылған нұсқаулық.
Ұзақ мерзімді (жылдық) жоспар – 3-5 жылға арналған жоспар
Қысқа мерзімді жоспар – биылға, бір айға құрылған жоспар
Күндік жоспар – апта күндеріне негізделген жоспар.
Барлық саты бір-бірімен тығыз байланысты. Бір сатыны тастап кету мүмкін емес және оған рұқсат жоқ. Франклин әдісін қолдау үшін мақсаттың іргетасын қалауда жаңылыспау қажет.
Ал сіз жоспарды қалай құрасыз?