- Негізгі бет
- Психология
- Facebook қызғаныш тудырады...
Facebook қызғаныш тудырады
Ғалымдардың айтуынша, Facebook көпшілік қолданушылардың жүрегінде қызғаныш сезімін тудырады. Зерттеушілер өзгенің статустары мен фотосуреттері қолданушыларға кері әсер етіп жатыр деп есептейді. Бұл туралы Вести.ру хабарлады.
Германияда жүргізілген "Facebook-тағы қызғаныш: қолданушылардың өмірінің сапасына деген көрінбейтін қауіп" жобасының аясында ғалымдар ел студенттері арасында сауалнама жүргізген.
"Біз көп адамның Facebook-ті негативпен қабылдайтынын көріп қатты таң қалдық. Әлеуметтік желілер жалғыздық, көңіл қалу, ашу секілді сезімдерді қоздырады", - деді сұхбат берген зерттеуші Анна Краснова.
Сауалнама нәтижесінде әрбір үшінші адам әлеуметтік желідегі достарының демалыстағы суреттерін көргенде, әрі-сәрі күйге түсетіндігі белгілі болған. Жауап берушілердің айтуынша, бұндай сәттерде олардың өз өмірлеріне деген разылығы жоғалып, көңілі қалады.
"Зерттеу жұмысынан соң, мына нәрсе белгілі болды. Жұрт Facebook-ты стресс көзі ретінде қарастырады. Бұл факт платформаның болашағына күман келтіруге мәжбүр қылады", - дейді ғалымдар.
Социологтардың айтуынша, Facebook адамдарға өмірден ләззат алып, алаңсыз өмір сүруге кедергі болады. Әрі депрессия мен неврозға ұрындырады. Сол себепті жоба мүшелері халықты әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге ынтық болмауға шақырды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: millioner.kz