- Негізгі бет
- Психология
- Ескеретін екі ақыл...
Ескеретін екі ақыл
1-ақыл
Оқымыстылар «Алты нәрседен үміт күтпеу керек» деп тұжырымдаған.
Олар:
- Бұлттың көлеңкесінен үміт күтпеген жөн. Ол желдің ығына қарай көшіп кетеді.
- Мақсатсыз достық. Ол басыңа іс түскенде маңыңнан ғайып болады.
- Әйел махаббаты. Ол кішкене іске бола бет бұрады.
- Сұлу көрік. Ол жас ұлғайғанда біртіндеп өшіп жоғалады.
- Жалған, өтірікті жақтау. Бұл да ақиқат алдында ауыр соққыға ұшырап, жеңіліспен тыным табады.
- Байлық. Ол иесіне опа қыла алмайды. Абай айтқан: «Көрдік қой дүние деген иттің көтін» деп.
2-ақыл
Достасқың келсе, төмендегідей үш түрлі адаммен достасқан абзал.
- Ғалым мен кемеңгер. Олардың үйретері бар.
- Жоғары мәдениетті адамдар. Олар шынайы досынан ақыл-кеңесін аямайды.
- Ақ көңіл адамдар. Олар достықтың негізін шынайылықпен қалайды.
Үш түрлі адамдардың достығынан сақ болған жөн.
- Өзімшіл пасықтар. Олардың ойлайтыны тек қана нәпсі.
- Суайттар (өтірікшілер). Олардың кеңесінен азап пен пәле-қаза өрбиді. Олар сен арқылы өзгелерге өсек тасиды және өзгелер үстінен өсек айтып, сені пәлеге душар қылады.
- Надандар. Мүдде тұрғысынан оларға сенім артуға, оларды сүйеніш етуге келмейді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com
M. Auelkhan