Көпшілік жақсы білетін бұл құбылысқа психолог мамандар жақында ғана анықтама берді.
Бұл әдет жұмыста да, үйде де бар. Оған түрлі мысалдар келтуріге болады: интернет беттерін ақтару мақсатында өте маңызды ақпарат іздеп отырғандай кейіп таныту, электронды поштаны қайта-қайта тексеру, телефонмен сөйлесу және т.б. Нәтижесінде, «Мен жұмыс істедім ғой!» деген сылтаумен уақытымызды босқа жоғалтамыз.
Егер төмендегі 5 ережені ескермесек, күнделікті бұл әдетімізге қайта-қайта оралатынымыз анық.
1. Нәтижесін белгілеңіз. Әрине, әркім қандай іспен айналысып отырғанын біледі, десе де қандай мақсатпен жұмыс істеп жатқаныңызды үнемі еске түсіріп отырыңыз.
2. Теледидар, радио, электронды хаттар, интернет сынды жұмысты аяқтауға кедергі жасайтын дүниелерден арылыңыз.
3. Жұмысты аяқтау үшін нақты уақыт белгілеңіз. Аз жұмыстың уақытын созудың, немесе бір уақытта бірнеше жұмыс істеудің қажеті жоқ.
4. Мерзімді жариялаңыз. Яғни, жаныңыздағы адамдардан осы уақыт ішінде мазаламауды өтініңіз. Үлгермей қалған жағдайда ешкімді айыптай алмайсыз.
5. Нәтижелі аяқталған жұмыс үшін өзіңізді марапаттаңыз. Киноға барып, кітап немесе сағат сатып алыңыз. Қысқасы көңіліңізді көтеретін іспен айналысыңыз.
Ал Сізде мұндай әдет бар ма? Одан арылу үшін не істейсіз?
Сурет: rudaki.ru