Ешкімге зияны жоқ қулықтар

Қулықты ақылды адамдар ғана жасай алады. Алаңғасарлардың қолынан ол келмейді.

1. Біреуге көңіліңіз кетіп, оның сізге деген көзқарасын біле алмай дал болып жүрсіз. Әлгі жанды сырттай бақылап, айтатын бір сөзін таңдап алыңыз. Сол сөзді немесе синонимін пайдаланған сайын басыңызды изеп, жымиғанын байқайсыз.

2. Егер айтып отырған сөзіңізді өзгелер қалжыңсыз қабылдасын десеңіз: «Әкем осылай айтқан еді»,-деп қосып қойыңыз. Адамдар ата-ананың кеңесін бейсаналы түрде дұрыс деп қабылдауға бейім.

3. Құрбы-құрдас, әріптестер «Тас, қайшы, қағаз» ойнап жатады. Ойында әрдайым жеңімпаз болудың да құпиясы бар. Бәс басталардың дәл алдында қарсыласыңызға кез келген сұрақты қоя салыңыз. Сұрағыңызбен ойы шашырап тұрған ойыншы міндетті түрде «қайшыны» көрсетеді.

4. Әңгімелесушіңіз сізді мақұлдасын десеңіз, сұрақ қоя отырып басыңызды изеңіз. Басты изеу тек шындықты айтып тұрғаныңыздың белгісі ретінде қабылданады.

5. Таңғы сағат 8-де қоғамдық көлікте тірі жан болмаса екен деп армандадыңыз ба? Адамның ең көп шоғырланған жерінен кері бағытқа қараңыз. Барлығы екіге жарылып сізге жол ашып тұрғандай көрінетіні таңғалдырмай қоймас. Мұның сыры қарапайым: адамдар топырлап тұрған кезде олар басқа жүргіншілердің қайда бара жатқандығын ұғыну үшін көзіне қарап, оған соғысып қалмайын деп ығысумен болады екен.

6. Күні бойы бір әнді қайталап айта берсеңіз, өлеңнің соңын еске түсіріңіз. Адам санасы аяқталмаған істі жаттап қалады. Сондықтан ән сөзінің соңын ойласаңыз, ол өзінен өзі тоқтайды.

7. Балаңыздың брокколи жегенін қалайсыз ба? «Саған брокколи салайын ба?»,-деп емес, «Қанша брокколи салайын, екеу ме, бесеу ме?»,-деп сұраңыз. Олар үшін брокколиді сіз таңдап қойдыңыз. Бірақ балалар сұраққа жауап беру арқылы оны жеуді өздері қалағандай күй кешеді. Бұл қулықты өмірде кездесетін басқа да жағдайларда пайдалансаңыз болады.

8. Егер сізді біреу аңдып жүргенін байқасаңыз, жай ғана есінеп тұрып айналаңыздағыларды көзбен шолып өтіңіз. Есінеу қаншалықты әсерлі болса, қыр соңыңызға түсіп жүрген жанды соншалықты тез табасыз.

9. Танысыңыз заттыңызды керек жеріне жеткізіп тастасын десеңіз мынадай әдісті пайладаныңыз. Мәселен, әңгімелесіп тұрып, қорабыңызды оның қолына ұстатыңыз. Адамдардың дені мұндай алдаусыратуды байқамай, жауапкершілікті өз мойнына алып алады. Дегенмен сақ адамдардан абай болыңыз. Өзіңізді ұялтып тастауы мүмкін. 

10. Қол алысып амандасу қажет екендігін біліп тұрсаңыз, алақаныңыздың қызып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қолдың жылылығы достық пейіліңізді және елгезектігіңізді білдіреді. Суық алақан жек көрініш сезімін тудырады екен.

11. Өзгелер сізге көмектессін десеңіз өтінішіңізді: «Маған сенің көмегің керек...»,-деп бастаңыз. Адамдарға өзін айыпты сезіну ұнамайды. Сондықтан қол ұшын беруден бас тартуы неғайбыл.

12. Әңгімелесушіңіздің айтып отырған кей сөзін қайталаңыз. Сонда өзін мұқият тыңдап, түсініп отырғандығыңызға сенеді. Бірақ тым шектен шығып кетпеңіз.

13. Кімде кім сізді жақтырмай жүрсе, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адамдар өздері жек көретін жанға көмектескісі келмейді, бір жағынан, бұл – бас тартатындай үлкен өтініш емес. Осылайша, кімнің қандай көңілі барын аңғаруға болады.

kerekinfo.kz