Жасыңыз жиырмаған келген сәтте болашағымыз әлі алда, жаспыз, бәріне үлгереміз деген ой санамызды билеп алады. Бірақ, бұл ойдың жетегіне ерген адам өмірде өзі орнын тапты ма, ойланып көріңізші... Батыс мәдениетінде соңғы 10 жылдықта суретіне қарап жасын айыру мүмкін емес адамдардың буыны артып келеді. Олар жасөспірім секілді киінеді, тұрақты жұмысы жоқ әрі бірнеше досымен бірге пәтер жалдап тұрады. Америкада не бала емес , не ересек емес бұл буын твикстер деп аталады. Бұл ағылшын тілінде betwixt сөзінен шыққан. Мағынасы не әрі, не бері емес дегенді білдіреді. Жапонияда мұндай буын 1980-1990 жылдарында кеңінен танылды. Оларды қоғамда parasite single, яғни жалғызбасты паразиттер деп атады. Мұндай шағын қоғам барлық елде, барлық ортада бар. 20 және 30 жас аралығындағы жастарды жаһандық бір ғана мәселе біріктіреді өмірде не қалайтынын білмеу. Ғаламдық мәдениет пен әлемдік БАҚ бұл жас аралығы қыдыруға, демалуға, уақытты ойын-күлкіге арнауға берілетін мүмкіндік деп адамның санасына қалыптастастырып тастаған. Енді, сол қиындықтан шыға алмай әуреленіп жатыр. Шынымен, ата-анасымен салыстырғанда қазір жалынды жастық шақтың отына өртеніп жүргендер кеш үйленеді, кеш есейеді. Олардың басты ойлары еркіндік барда өмірдің бал дәмін сезіп қалу. Ал, шындығына келгенде 20 мен 30 жас аралығы біздің бар күшіміз бен білімізмізді пайдаланып, уақытымызды үнемдей отыра болашағымыздың іргесін қалайтын нағыз қызған шақ. Бұл уақытта, пайдалы іспен айналыспасаңыз, 30-дан кейін сол жөнсіз әрекетпен өмір сүретін боласыз.