Балалық шақтың мөлдіреп, тұнып тұрған арманды кездері есіңізде ме?! Адамдар есейгеннен кейін ғана өзінің балалық шақтағы ойлағанынан мүлде басқа адам болып өзгергенін байқайды.
Түңілу, ұмыту, жасөспірім кездің еркі мен жігеріне опасыздық жасау, өзін көпті көрген, сұңғыламын деп есептеу... Бәрі-бәрі сәби шақтың аңқаулығы мен сенгіштігін жерге көміп кеткен. Сіз түптің түбінде түсініп жеттіңіз. Қайда бара жатқаныңыз жайлы ойладыңыз. Бала күніңізде өзіңіз жек көретін адам басқа емес, дәл сол адамның өзі болып қалыптастыңыз. Бұл күнге жеттіңіз, өкінудің не мәні бар? Іштен тынған пейіл сізді қайда жетелеп апармақ? Күйреп бара жатқан рухыңыз өз-өзіңізге аттандап: «Өз үмітіңнің қолынан ұстап ендігі мәңгіліктен азат бол!» деген дауыс шықты. Есейген күн, балалық шақ, жастықтың оты. Жөнсіздіктерді ақылдың безбеніне салуға әлі кеш емес, жастығыңда өзіңді қалыпқа түсірген байлам – сізге өмір бойы рухани азық болмақ. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл». Жаман Аяз бидің босағасына ілінген жарғақ сенде де болсын.
Автор: М.Әуелханұлы
Сурет: howtogeek.com