- Негізгі бет
- Психология
- Ерніне қарап таны...
Ерніне қарап таны
Адамның жан сырын ұғынуда шек жоқ. Біреуді тереңірек түсінуге оның ерін пішіні көмектеседі.
Симметриялы, толық пішінді еріндер қожайынының табиғи тартымдылығын көрсетеді. Алайда бұндай жандардың ісін жартылай тындыру қасиеті бар.
Ассиметриялы еріндер ерекше жандарға тиесілі болады. Олар өмірге оң көзқараспен қарайды. Тәуекелге оңай барады. Жиі жағдайда бұндай жандар өздерін, қоршағандарды, жұмысы мен оқуын да ойын ретінде қабылдайды.
Астыңғы ерін жоғарғысынан үлкенірек болса, бұл еріндердің иесі билік сүйгіш жан. Басқалардың кеңестеріне мойынсұнбай, өздері билік көрсеткенді жөн санайды. Өз еркімен өмір сүретін олар, өте сүйкімді, көпшілікке тартымды келеді.
Жіңішке ерінді, ауызы үлкен жандар суық, ылғи жалғыз жүретін, кішкене өзімшіл, алайда өте рационалды ойлайтын болады. Өмірге тура қарап, қиыншылықтардан қорықпайды. Армандар әлеміне қарағанда, нақ осы шақтағы өмір жайлы ойланады.
Жоғарғы ерні шамадан тыс иілген кісінің жаны нәзік, сезімтал болады. Бұндай адамдар эмоцияға берілгіш, сезім үстінде талай қате шешімдер жасай алады. Бір іске ойланбастан келіседі. Алайда қызығушылығы солай-ақ тез өтеді.
Ал сіздің еріндеріңіз қандай?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: omadam.ru
С. А