Зер салып көріңізші, айналаңыздағы жігіттер, ер адамдарда төмендегідей ерекшеліктер бар ма екен?! Шын мәнінде осылай. Олардың жан сырын ұғыну қиын емес.
***
Ол өзінің ешкімге ұқсамайтын, ерекше жаралған жан екеніне сенімді.
***
Ол өзінің ешкімге ұқсамай, ерекше жаралған жан екенін мойындайтын әйелге үйленеді.
***
Көп қыздарға қырындайды. Ал шынайы сүйгені жолықса, өз жарынан өзгеге мойын бұрмайтын жігіттердің біріне айналады.
***
Үйленгелі жүрген қызына өзіне ғана тәуелді адам ретінде қарайды. Әйтсе де, сүйгенінің жолынан аянып қалмайды.
***
Анасынан бастап барлық әйел затын тыңдауға үйренген.
***
Өзін мақтаса, жаны кіреді. Әрине, сынағанды ұнатпайды. Дегенмен, мақтау сөзді де, сынды да қабылдауға дайын.
***
Бала көңілді, жан дүниесі сәби сияқты.
***
Қоғамдық ортаға лайықтаған бет пердесі бар. Шын мәнінде табиғи мінезі бұдан бөлек.
***
Өз ортасының үрдісі мен салтына лайық өмір сүруге тырысады.
***
Еңбекақысы қанша болса да, күн көрісіне ғана жетеді.
***
Спортты жақсы көреді. Спорттық ойындарға қатысуды немесе жанкүйер болуды ұнатады.
***
Сізден гөрі батылдау. Біреулер жағынан шабуыл болып жатса, қорғай алады.
***
Ауырған кезде, өзін сүйетін әйелдің ықыласына зәру. Жаны қиналғанда, сәби сияқты қауқарсыз.
***
Өзі туралы айтқанды жақсы көреді.
***
Ерте ме, кеш пе, әке атануды қалайды.
Міне, еркектердің осы қасиетін біліп алсаңыздар, оларды түсінуде, өзара тіл табысуда қиындыққа соқпайсыздар дейді, құрметті әйелдер қауымы.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com