- Негізгі бет
- Психология
- Ерлерге қандай қыздар...
Ерлерге қандай қыздар ұнамайды?
Қыз-келіншектердің жігіттерге қояр өз талаптары бар. Бірін жақсы көреміз, бірін жай ғана ұнатамыз. Сондай-ақ қадір тұтып, құрметтейтін немесе есімін естігенде-ақ бойымызды алыс ұстауға тырысатын жігіттер мен жігітсымақтар бар. Міне, тура сол сияқты жігіттер де әйелдерді бірнеше типке бөліп қарайды екен. Кейбірімізге хор қызындай қараса, енді бірімізден шалбарға жабысып қалатын сағыздай қашатын көрінеді. Ал осы, жігіттерді «үркітетін» қыздардың 5 типі бар. Олар кімдер?
1. Өте ақылдылар
Айналасындағыларға өз ойын толық жеткізетін, жігіттің достарын таңғалдыра алатын, адамдардың жақсы-жаманын айыра білетін қыздар ерлерге ұнайды. Олар үшін мұндай білімді жанның жанында жүрудің өзі бір ғанибет. Ал ой-өрісінің кеңдігімен мақтанып, елді аузына қаратып, ғылыми терминмен сөйлесіп отыратын қыздардың әңгімесінен-ақ ерлер шошиды екен.
2. Ақшақұмарлар
Жақсы көрген қызы үшін ер азаматтар бәріне де дайын: гүл, иіссу, романтикалық кеш, кино, көкке шығу. Бастысы, сүйген қызы бақытты болса, оған қуанш сыйлай алса болғаны. Ал егер қызға керегі қарапайым қуаныш емес, ақша екенін сезсе, одан тезірек құтылуға асығады.
3. Бірбеткейлер
Бірбеткейлік – адам бойындағы ең жағымсыз қасиеттердің бірі. Әсіресе, қандай да бір мәселені шешу жолында бірбеткейліктің тигізер зияны көп. Айтқанынан қайтпайтын әйелдермен бір шешімге келу былай тұрсын, отырып ақылдасу да мүмкін емес. Сондықтан ерлер оларға жоламауға тырысады.
4. Мазасыз жандар
Еріне немесе жігітіне күніне 100 рет қоңырау шалуды кейбір қыздар «қамқорлық» немесе қатты сүйетінінің бір белгісі деп түсінер. Ал шын мәнінде бұл шектен шыққан «қамқорлық» ер азаматтарды қажытып, шаршатып жібереді. Сондықтан олардан тезірек құтылудың жолын іздестіреді.
5. Қабағы ашылмайтындар
Кез келген жігіт сүйіктісінің күлімдеп жүргенін қалайды. Оның күлкіден бал-бұл жанған әдемі бейнесін ұнатады. Ал егер ауызыңыз бұртиып, қабағыңыз түйіліп тұрса, сүйіктіңіздің сізге деген сезіміне сызат түсіріп аласыз. Кез келген жігіт түйілген қабақтан алыс жүруге тырысады.
Сізге айтарымыз, бұл бес нәрседен қашық болыңыз!
anabol.kz
Ә. Жутаева