Ерлердің көзқарасы

Ер кісі – отбасының тірегі, баланың үлгі тұтар асқар тауы деуге де болады. Бүгінгі күнде әйелдер туралы қоғамымызда әр түрлі көзқарастар бар. Ендеше басым көпшілік кісі ерлер туралы қандай көзқараста екен сауал көкейімізде тұрады.

Ерлер жұбай таңдағанда өз шешесінің мінезіне ұқсайтын қалыңдықты көбірек іздейді.
Писхологиялық тексерулер бойынша бұл көзқарас қате. Тек 4% еркек қана өз жұбайына анасының мінезі мен басқа да жақтанын үлгі тұтады екен. Ерлер сүйген жарының бұрынғы махаббат тарихын білгісі келмейді. Бұл көзқарас дұрыс. Өйткені, ерлердің ішкі әлемі көбіне бірбеткей, тым нәзік келетіндіктен оны мүлде кешіре алмайды. Оны естісе мүлде басқаша өзгерістер туылуы мүмкін. Сондықтан бұл жабулы қазанды ерлер қозғағысы келмейді. Ерлер тек сұлу, сыбатты әйелдерді армандап жүреді. Бұл қате көзқарас. Психологиялық тест нәтижесінде ерлердің 2% ғана өз жарларынан басқа сұлуларды аңсайды екен. 32% дене бітімі келісті, ажарлы болса болды деген көзқарата болса, 66% жүзінен нұры тамған өз жұбайларының алдында басқа бойжеткендер түкке тұрғысыз деп есептейді екен. Ерлер көз алдында отырып жасанған сәнқой әйелді ұнатпайды. Бұл дұрыс пайым. Өйткені, көптеген ерлер сүйген жарының әсіре боянып, жасанған қарекетін жақырмайды. Ерлердің 40% сүйген жарының шашын тараған әрекетін, 31% қиял әлемінде, терең ой құшағында отырған сәттерін қатты ұнатады екен. Ерлер ұзын шашты әйелдерді ж ақсы көреді. Бұл дұрыс көзқарас. Өйткені, көптеген ерлер әйелдердің ең алдымен өздерін баурайтыны оның ұзын шашы деп қарайды екен. Ерлер етті-жеңді әйелдерді ж ақсы көреді. Бұл қате көзқарас. Өйткені, 93% еркек жақсы көру-көрмеудің оның ертті-жеңді болуымен қатысы жоқ деп санайды екен.

Әйелдердің қандай «әдіспен» ерлерді өзіне баурауы, мойындатуы тек қарсы жақтын таным-түсінігіне байланысты.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz