Ер адамдар жылдар бойы гүл сыйламауы мүмкін, туған күнде құттықтауды ұмытып кетуі мүмкін. Бірақ олар бәрібір әйел адамдарға қарағанда романтизмге жақын.
Социологтар әлем бойынша 10 мыңнан аса адамға зерттеу жүргізіп, ерлер 48 пайызы, әйелдер небары 28 пайызы бір көргеннен ғашық болатынын дәлелдеді.
Америкалық социологтар жасаған зерттеу жұмысының нәтиежсі Normal Bar кітабында жарияланды. Бұл кітаптың мақсаты қарым қатынастағы аңыз болған сөздерді жоққа шығарып, жұптың бақытқа бірге жетуіне көмектесу.
Бір аңыз өтірік екені дәлелденіп те үлгерді. Ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек романтикаға жақын болады деген тұжырым жасады. Жігіттер тез ғашық болады, ал әйел адамдар алдымен жан-жақты ойланып алады.
Социологтар тағы бір көз жеткізген нәтижесі – сауалнамаға қатысқандардың 74% өзін бақытты жұп сезінеді, ал 66% өз серіктесіне бауыр басып қалғанын айтады.
Сауалнамаға қатысқандар бақытты қарым-қатынастың басты белгілері – түсіністік пен уақыт бөлу. Ал ерін ешқайда алаңдатпай, бар жылуды үйден сездіру – әйел адамның қолында екені айтылады.