- Негізгі бет
- Психология
- Ерлер үйленуден бұрын...
Ерлер үйленуден бұрын және үйленген соң
Жігіттер үйленуден бұрын ретті жүруге аз да болса жауапты болады. Ал үйленген соң тұрмысы тәртіпсіздене бастайды. Бұл олардың еріншек болып кеткенінен емес, қайта әйелінің анда-санда «қақасап» тұрғанынан өзін қуанышты сезінеді.
Үйленуден бұрын ауырып қалса да, дәрі ішіп күтінеді және тез жазылып кетеді. Ал үйленген соң аз ғана ауырып қалса болды, жатып қалады. Өйткені, сонда ғана әйелінің айналасында зыр жүгіріп, күткенін жақсы көреді. Бұл олардың еркелігі ғана.
Ерлер үйленуден бұрын «Әйел заты ер азаматтың сызған сызығынан шықпауы керек» деп ойлайды. Ал үйленген соң сол сызықтан өзінің қалай шықпай жүргенін де білмей қалады.
Ерлер үйленуден бұрын сөзсіз уәдеге берік болу керек деп ойлайды. Ал үйленген соң келіншегін алдаусыратып, аздап өтірік айтуды да үйренеді.
Ерлер үйленуден бұрын әйелдердің неге сонша жылауық болатынын түсінбейді. Ал үйленген соң олардың ең сүйікті адамының өзіне сыйлаған азабы үшін жылайтынын сезінеді.
Қ. Қауымбек