Ерлер мінезіндегі ерекшеліктер

«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай жүгірер» деген. Сүйікті аруларымыз өз азаматтарының мінезі жайлы, оларға ортақ жалпы қасиеттер жайлы біле ме екен?!

Ол өзін ешкімге ұқсамай, ерекше жаралған жан екеніне сенімді; Ол өзін ешкімге ұқсамай, ерекше жаралған жан екенін мойындайтын әйелмен үйленеді; Қыздарға көп қырындайды, ал өзіне тиеселі бір жанға кездессе, өз жарынан өзгеге мойын бұрмайтын жігіттердің біріне айналады; Үйленгелі жүрген қалыңдығына өте жақсы қарайды; Анасынан бастап, барлық әйелді тыңдап үйренген; Өзін мақтаса жаны кіреді, әрине сынағанды ұнатпайды. Дегенменн мақтау сөзді де, сынды да қабылдауға дайын; Бала көңілді, жан дүниесі сәби сияқты; Қоғамдық ортаға лайықтаған бет пердесі бар, ал, табиғи мінезі бұдан бөлек; Өз ортасының үрдісімен салтына лайық өмір сүруге тырысады; Еңбекақысы күнкөрісіне ғана жетеді; Спортты сүйеді, спорттық ойындарға қатысуды немесе көрермен болуды ұнатады; Сізден гөрі батылырақ, басқалар жағынан шабуыл болып жатса, қорғай алады; Ауырған кезде, өзін сүйетін әйелдің ықыласына зәру және қиналғанда сәби сияқты қауқарсыз; Өзі туралы айтқанды жақсы көреді; Ерте ме, кеш пе әке атануды аңсап жүреді;

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz