- Негізгі бет
- Психология
- Ерлер мінезіндегі ерекшеліктер...
Ерлер мінезіндегі ерекшеліктер
«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай жүгірер» деген. Сүйікті аруларымыз өз азаматтарының мінезі жайлы, оларға ортақ жалпы қасиеттер жайлы біле ме екен?!
- Ол өзін ешкімге ұқсамай, ерекше жаралған жан екеніне сенімді;
- Ол өзін ешкімге ұқсамай, ерекше жаралған жан екенін мойындайтын әйелмен үйленеді;
- Қыздарға көп қырындайды, ал өзіне тиеселі бір жанға кездессе, өз жарынан өзгеге мойын бұрмайтын жігіттердің біріне айналады;
- Үйленгелі жүрген қалыңдығына өте жақсы қарайды;
- Анасынан бастап, барлық әйелді тыңдап үйренген;
- Өзін мақтаса жаны кіреді, әрине сынағанды ұнатпайды. Дегенменн мақтау сөзді де, сынды да қабылдауға дайын;
- Бала көңілді, жан дүниесі сәби сияқты;
- Қоғамдық ортаға лайықтаған бет пердесі бар, ал, табиғи мінезі бұдан бөлек;
- Өз ортасының үрдісімен салтына лайық өмір сүруге тырысады;
- Еңбекақысы күнкөрісіне ғана жетеді;
- Спортты сүйеді, спорттық ойындарға қатысуды немесе көрермен болуды ұнатады;
- Сізден гөрі батылырақ, басқалар жағынан шабуыл болып жатса, қорғай алады;
- Ауырған кезде, өзін сүйетін әйелдің ықыласына зәру және қиналғанда сәби сияқты қауқарсыз;
- Өзі туралы айтқанды жақсы көреді;
- Ерте ме, кеш пе әке атануды аңсап жүреді;
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: voxpopuli.kz
M. Auelkhan