Ерлер мен әйелдер және махаббат

Ерлер мен әйелдер және махаббат

Ерлер мен әйелдер арасындағы махаббатта және тағдыр жолында көптеген қайшылықтар өмір сүреді. Іштей сезгенімізбен, не үшін екенін түсінбей қалып жатамыз. Мұның бәрі де қарапайым жинақтау ғана. 

Ерлер қанша азап тартса да, өкінбейді. Ал әйелдер көбінде өкініп жүргенімен, азаптануды қаламайды.

***

Ерлер жалғанда қызметте табысқа жетеді. Ал әйелдер табысқа жеткенде, жалғыз қалады.

***

Ерлер үнемшіл болса, «шық бермес шығайбай» көрінеді, ал әйелдер ақша тежесе, үнемшіл көрінеді.

***

Ерлер кескін болса, салауатты көрінеді, ал әйелдер кескін болса, шайпауыз боп көрінеді.

***

Ерлер мас болғанда ғана қасіреттенеді, ал әйелдер тәтті түсінен оянып кетсе, қасіреттенеді.

***

Ерлердің назарында тікен арасында гүл болады. Ал әйелдер назарында гүл арасында тікен бар.

***

Ерлер айрылысқанда «мен өмір сүруім керек» деп өзін жұбатады. Ал әйелдер айрылысқанда «мен енді қалай өмір сүремін?» деп қайғырады.

***

Ерлер жас төксе, жұрттың масқарасына қалады. Ал әйелдер жас төксе, басқалардың жанашырлық сезімін оятады.

***

Біреуді сүйіп қалу – қаншама уақыт пен бақытты жоғалту шығар. Бірақ, ешкімді сүйе алмадың ба? Онда сенде уақыт түгілі бақыт та жоқ!

***

Неке – оған уәде беру де, оны шектеу де емес. Қайта өзіңді көп нәрседен шектеу.

***

Үш түрлі еркектер әйелінен қорқады: қалтасында ақшасы жоқ еркектер, әйелі сұлу еркектер, әйелінде билік пен мәнсәп бар еркектер.

***

Ерлер ақша тапса бұзылады, ал әйелдер бұзылса, ақша табады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: facepla.net

Қ. Қауымбек