- Негізгі бет
- Психология
- Ерлер қалай ақталады?...
Ерлер қалай ақталады?
«Мен ондай емеспін», «өзгелер секілді болмаймын» деген сөздермен емес, «қанға сіңген қасиет қой», «біз еркектер, жаратылысымыз сондай» деп бастайды, енді бірі тегін қуалап, руын айтып, «біз сондаймыз» деп жалпылыққа көшеді. Осы қасиеттермен әйелдерге табиғат туралы ескерткісі келеді.
Себебі, олар өзін арыстан сезінеді, арланға теңегенді ұнатады. Тіпті біреулері өздерін жалғыздықты әрі ұйқыны қалайтын аюға балайды. Қысқасы, ірілікті жақсы көреді. Ал ірілікті ұнатпайтын әйел заты бар ма екен?
Жаратылысымыз сондай!
Негізінде табиғат әртүрлі. Мысалы, қасқыр, арыстан секілді айбарлы аңдар ерлердің сипатын ашады. Ал піл ше? Пілдің аюдан қандай айырмашылығы бар? Аю да дәу, піл де дәу, екеуінің де қақ-соқпен қатысы жоқ. Бірақ, пілдердің ортасы – матриархат. Мұндай қарым-қатынас ер ерлерге ұнамасы анық.
Бәріне кінәлі – ішімдік
Ішімдік – дұшпан, ал қауқарсыз жігітіміз – құрбан. Арам пиғылды адамдар оны дұшпанның алдына әкеліп отырғызып қойып, қинап дұшпанға мойынсұнуды бұйырған. Осы сәтте жоғарыдағы ой еске оралады. Ешкімге бағынғысы келмейтін арлан дұшпанның алдында құм болуы мүмкін бе? Егер «иә» деген жауап болса, кінәлі – дұшпан – ішімдік. Мас күйінде көлігін соғып алса, кінәлі де – ішімдік.
Біз де, ерлер де, осылай болуы керек
Жақсы сылтау секілді. «Сен нәзік жандысың, сондықтан мұны түсіне алмайсың!» деген сөзбен өз ісін ақтап алады. «Оны жігіттер ғана түсінеді» деген сөз барлық істің жауабы секілді көрінеді. Әсіресе, жастар осы сөзді көп ұстанады. Иә, бойжеткен мен бозбаланың ойы, өресі бір емес. Бірақ, сол өрені бойжеткеннің санасына жеткізуге бола ма?
Бұл – жігіттердің жұмысы емес
«Ыдыс жуу, картоп тазалау – жігіттің жұмыс емес». Алдыңғысы белгісіз, соңғысын әскерге барып айтып көріңізші. Өмірде мынау «еркектің тірлігі» және «әйелдің тірлігі» деген іс болмайды. Мысалы, үй өртеніп жатса, әйелі «еркектің жұмысы» деп қарап тұрмайды. Кәсіптік тұрғыда дәрігердің көмекшісі тек әйелдер ғана болады деген сөз емес, мейіргер болуға болады. Барлық іс адамзатқа ортақ. Ер – табыс табушы, қамқоршы, асыраушы, ал әйел – жағдай жасаушы деген қағида уақыт өте келе қалыптасқан. Осыны ұға білу керек.
Г. Берік