Жан-жағымызда тұрмыс құрып, үйленіп жатқан жастардың екеуінің бет-пішіндері мен әлпеттері әртүрлі болса да, бір-біріне қатты ұқсап жатады. Оларды сыртынан бақылап отырып, «Екеуі егіз сияқты» деп таңданып жатамыз. Қарап тұрсақ, көздері де, мұрындары де, еріндері де, бастарының пішіндері де әртүрлі. Бірақ олар бір-біріне қатты ұқсайды. Бұл қалай?
Өйткені олардың армандары бір. Екеуі бас қосып, шаңырақ көтерген соң бірге жоспар құрып, бірге армандайды. Екеуінің мақсаттары мен болашаққа деген армандары – ортақ.
Өйткені олардың сезімдері бір. Екеуі де сүйікті, екеуі де сүйкімді. Екеуінің де жүректерінде – бір сезім. Екеуі бір нәрсені сезінеді, бір нәрсені сүйеді. Екеуінің де сезімдерінің тұрағы – жүрек. Сезімдері ұқсас адамдардың өздері де бір-біріне қатты ұқсайды.
Өйткені олардың әңгімелері бір. Олар бір тақырыпта сыр шертіп, бір бағытта әңгіме қозғайды. Екеуі не айтса да, бірін-бірі іліп әкетеді. Екеуі ортақ тіл табысады. Өйткені саналары мен ойлау қабілеттері бірдей.
Өйткені олардың танымдары бір. Олар бір дүние жайлы әртүрлі көзқараста болмайды. Адамдарға бірдей қарым-қатынас танытады. Өмірді өздерінің көзқарастарымен танып, өздерінің ойларымен баға береді. Олардың ауыздарынан шыққан әр сөзі бір-бірімен үйлесім тауып тұрады.
Өйткені олардың түсініктері бір. Олар отбасы және жақын адамдары жайлы үнемі жақсы ойда болады. Оларға жанашырлық танытады. Өйткені олардың түсініктері жоғары. Екеуінің де ойы бір жерден шығып, екеуі де бір арнадан тоғысады.
Өйткені олардың қылықтары ұқсас. Күні-түні бірге болатын ерлі-зайыптының қылықтары бір-бірінен аумай қалады. Олар күн өткен сайын бірін-бірінің әртүрлі әрекеті мен қылықтарын қайталай береді. Кейде сөздері мен сөйлеу мәнерлері де ұқсап жатады.