Көп жағдайда ерлі-зайыптыларды сырт көз ұқсатып жатады. Бірде істерін, бірде келбеттерін. Бұған мысалдар да көптеп табылады.
Үйленген адамдардың біріне-бірін ұқсатуымыз жәй ғана көз соқырлығы екен. Себебі? Себебі өте көп. Мәселен, жұптасқан жандар қуаныш пен қайғыны да бірге көреді. Бірге бақытты болып, бірге шарасыз күйде қалады. Атақты орыс пәлсапашысы Лев Толстой «Біз бақытты болғанда көздеріміздің қарашығы бірдей үлкейіп, бірдей бақытты бола түсеміз» депті.
Егер шын жақсы көрген адамыңызбен үйленсеңіз, бұл сіздің өз жұбыңыздың талғамына, мінезіне, көркіне қызыққандығыңыздың көрінісі. Талғамыңыз түйісетін жағдайлар да көп болады. Мысалы, ғашық болған екеудің де жетер биігі бір, ұмтылары да бір нысан.
Ендеше, жұлдызды жұптардың "ең, ең" деген ұқсастарын ұсынып көрелік. Ал олардың ұқсау-ұқсамауын сіз шешіңіз...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: fotki.yandex.ru