- Негізгі бет
- Психология
- Ерлі-зайыптылар өмірінде кем...
Ерлі-зайыптылар өмірінде кем дегенде бір рет бірге істеп көруі керек 11 нәрсе
«Махаббат мұраты - тұрақтылық» дейді. Бірақ ол зеріксе де, бір-біріне қарап отыру керек дегенді білдірмесі анық. Мақалада жұп іш пысудан арылу үшін өмірінде кем дегенде бір рет бірге істеп көруі керек нәрселердің тізімі берілген.
Ұзақ уақыт бірге болса да, бақытты өмір сүретін жұптардың құпиялары психологтарды бұрыннан қызықтырады. Зерттеулер мұндай қарым-қатынаста төрт ортақ белгіні табуға болатынын көрсетті: 1) серіктестердің бір-бірімен қарым-қатынасы жеңіл және жағымды болуы; 2) бірге жүргендегі сырт келбеттерінің үйлесімі, яғни жұптың тартымды бейнесінің қалыптасуы; 3) олардың екеуара құштарлығының жоғарылығы; 4) олардың болашаққа бірге талпынып, ортақ жоспарлар құруы. Осындай тізімдер қатарына бірге көңіл көтеру де жатады. Екеуіңіз бірге жасаудан ләззат алатын нәрселердің тізімін құруға тырысыңыз ... және оны қосуға қымсынбаңыз!
1. Хэллоуин костюмдері сияқты біртүрлі киімдер киіп, көшеде ештеңе болмағандай серуендеп жүріңіз.
2. Тамақты бірге пісіріңіз. Және, әрине, содан кейін оның бірге отырып дәмін татыңыз. Балалық шақтағы ең сүйікті тағамның рецептін қайталап көріңіз, бір-біріңіздің гастрономиялық талғамыңызды жақсы білсеңіз, соғұрлым бір-біріңізді жақсы сезінесіз.
3. Адамдар көп жиналатын жерде ұзақ құшақтасу. Айтпақшы, психологтар кем дегенде 20 секунд құшақтаған кездің өзінде біздің денеміз «бақыт гормоны» серотонин бөле бастайтынын анықтады.
4. Бұрын екеуіңіз де болмаған жерге барыңыз немесе ұшыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, саусағыңыз глобустан таңдаған жерге жоспарсыз аттаныңыз. Жаңа тәжірибелер өмір бойы азық боларлық ортақ эмоциялар мен естеліктер бере алады.
5. Махаббат хатын жазыңыз. Ең бастысы шын жүректен шыққан сөздерден өріңіз.
6. Еш себепсіз бір-біріңізге сыйлық беріңіз. Жай ғана жақсы тосын сый жасаңыз.
7. Нөсер жауын астында бір-біріңізді бар махаббатыңызбен сүйіңіз. Ұзақ серуендеңіз.
8. Бір-біріңізге дауыстап кітап, өлең оқыңыз. Мәнерлеп. Бірге жатқанда.
9. Танго билеуді үйреніңіз (кез келген жаңа нәрсені бірге үйреніңіз).
10. Бір-біріңізге арнап лайф-лонг фильм түсіріңіз. Қазіргі өміріңіз 5 жылдан кейін тарих болады. Басқа тұрмыс, өзге атмосфера. Махаббатыңыздың кезеңдерін таспалап жүріңіздер.
11. Люкс дәрежедегі автосалонға барып, қазір алатындай өздеріңізге ұнаған көлікті таңдаңыздар. Оның артықшылықтары мен кемшіліктерін егжей-тегжейлі талқылап, жуырда аламыз деп өз-өздеріңізді иландырыңыздар. Кейін тентек жасөспірімдердей салоннан қашып шығып, қараңғы түнге дейін көше аралап, фаст фуд жеп, жалаң аяқ қыдырыңыздар.
А. Оралқызы