Ерлі-зайыптылар үшін күнделікті өмірді әдемі сүре білудің өзі өнер. Отбасылық өмірде екі адамға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені мұндай қарым-қатынас тек махаббаттан ғана емес, өзара міндеттемелер мен мәселелерді бірлесе шешуден тұрады. Соның ішінде күнделікті тіршілік санатына жататын кез келген іс екеудің үнемі бір-бірін қолдап отыруын талап етеді. Тіпті мінсіз үйлесімді жұптардың өзінің күнделікті өмірдің шыңырауына құлап кетуі ғажап емес. Бір жақсысы, психологтар отасқан жұптардың қарым-қатынасын зерігу мен тоқыраудан қорғайтын құпия формуламен бөліседі. Мұндай жүйемен өмір сүретіндер махаббатын мәңгілікке сақтап қалуға мүмкіндік алады.
Екілік жүйе ережесі нәтиже беруі үшін үш қарапайым ескертуді ұстану керек:
1. Екі апта сайын
Жұмыс күндері тұрақты жалақыға ғана емес, тұрақты күйзеліске де себепкер болады. Сондықтан кешке қарай жаныңызға жақын адамыңызбен қияли тақырыптарда әңгімелесу, романтикалық түскі ас ішу немесе бірге қыдыруға мүмкіндік бола бермейді. Себебі, күнделікті жұмыс көп энергияны қажет ететіні рас. Ешқашан бітпейтін мұндай істерді екеуара келісіп орындаған жағдайда ғана екі адам бір-біріне көңіл бөле алады. Яғни, тапсырмаларды бөлу: ол баланы серуендетсе, сен тамақ дайындайсың. Осылайша, өмір өзара үнсіз келісіммен параллель өтіп жатады.
Сондықтан ерлі-зайыптылар кем дегенде екі аптада бір рет оңаша кездесу ұйымдастыруы керек. Бірге кешкі ас дайындау, кинотеатрға бару, саябақта серуендеу секілді істермен айналысу маңызды. Ең бастысы - бірге болу. Бұл жақындықты нығайтады.
2. Екі айда бір рет
Екі айда бір рет ерлі-зайыптыларды қысқа мерзімді демалысқа бірге шығуы керек. Демалыс күндері басқа қалаға саяхат жасау, кемпингке аттану, жақын шетел шарлау. Екі адамға арналған қысқа сапар күнделікті күйзелістен құтылуға, қарым-қатынасыңызды күшейтуге көмектеседі.
3. Екі жылда бір рет
Өз болашағын жарқын еткісі келетін екеу екі жылда бір рет кем дегенде 5-7 күнге созылатын демалыс алуы керек. Бұл демалысты ортақ дос немесе туыстармен кездесуге емес, тек оңаша болуға ғана арнауыңыз маңызды. Қызметтік мәселелерден, күнделікті шешімді қажет ететін дүниелерден және туыстарыңыздың назарынан аулақ болсаңыз, сіздер өз сезімдеріңіз еркіндік беріп, тек екеуіңізге ғана тиесілі жеке кеңістік таба аласыз.