- Негізгі бет
- Психология
- Ерлі-зайыпты ажыраспау үшін...
Ерлі-зайыпты ажыраспау үшін не істеу керегін айтты
АҚШ-тағы ерлі-зайыптылар отбасылық жанжалдарды болдырмаудың рекше әдісін тапты. Өздерінің ерекше тәсілі туралы Mirror басылымына берген сұқбатында айтты.
Психологтың кеңесі
Сонымен, 34 жастағы Рейчел Шепард-Охта мен 37 жастағы Марли психологтың кеңесіне құлақ асып, отбасылық келіссөз жүргізіп, жағдайды толыққанды сараптау шарасын үнемі өткізуге шешім қабылдады. Енді олар әр бейсенбі күні таңертең үйдің үлкенін мектепке жіберіп, кішілері әлі ұйықтап жатқанда, өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосады. Оған дейін ерлі-зайыптылар бір апта ішінде талқылағысы келетін барлық мәселелерді жинақтайды. Бұл өзара шағымдар мен ризашылықтар немесе сапарлар мен туған күндерді жоспарлау болуы әбден мүмкін.
Келіссөз қалай өтеді?
Ең бірініш олар бір-біріне бір аптада қандай міндеттерді шеше алғанын айтып, бір-біріне алғыс айтады. Кейін жоспарға көшеді. Жоспарға сай міндеттік әркім бөліп алады. Сосын ерлі-зайыптылар дәрігерге жазылу, үйдің ақысын төлеу сияқты шұғыл мәселелерге көшеді. Ең соңында реніштерін айтып, онымен жұмыс істеуін сұрайды.
Мұндай тәжірибе көмектесе ме?
Ерлі-зайыптылар осындай тәсілді пайдалана бастағанда бір-біріне белгілі бір уақытта наразылық білдіре алады, бұл апта ішінде жанжалдарды болдырмауға көмектеседі. Олар алғысты да қатар айтатындықтан, реніш те ұзаққа созылмайтынын жеткізді.