Ювенойя — орта буынның жастарға қарай отырып сезінетін қорқынышы. «Ювенойя» терминін алғаш рет 2010 жылы әлеуметтану саласының маманы Дэвид Финкелхор ұсынды. Бұл сөзді көп ешкім біле бермейді, бірақ мәнін жақсы білеміз.
Сіз жасөспірімдерге қарап отырып, өзіңізді олардың жасында олай ұстамадым деген ойға келсеңіз сіз ювенойя дертіне шалдыққансыз.
«Жастық қорқынышы» қалай пайда болады?
Оның пайда болуы – әр түрлі. Мысалы, сіз бүгінгі жастардың тәрбиесі төмен деп ойлауыңыз мүмкін. Көп адамда бүгінгі жастар қатыгез деген шешімге келген. Сонымен қатар, жасөспірімдерді шынайы өмірден гөрі, онлайн әлем қызықтырады деп те жазғырады.
Ал орта буыннан жоғары ересектер жастарға мынандай себептер бойынша кінә тағады:
• «Бұрыс» әуен тыңдайды,
• Киім киюде талғам жоқ,
• Дұрыс емес шешімдер қабылдайды .
Дегенмен, жастарды олардың таңдауына байланысты жазғыруға болмайды. Ал үлкендерді қорқынышқа жетелейтін трендтер кезінде олардың да ата-анасының санасында да үлкен үрей туғызған. Бұл – шексіз үрдіс.
Бұл қорқыныш қайдан пайда болады?
Ересектер жастардан сескенеді. Заманауи жастар өмірге әлдеқайда бейім: олар қоғамдағы бар жамандықты лезде бойына сіңіріп ала алады. Олардың санасын бәсеке жаулаған. Олар еш қорқынышсыз күресе алады. Олар өз дегенінен қайтпайды. Міне, осыдан соң ересектер жастарға сенім артудан ғөрі, үреймен қарайды.
Ювенойямен күресу мүмкін бе?
Ювенойя атауын жақында алды демесек, оның қалыптасқанына бірнеше уақыт болды: онымен күресу мүмкін емес. Жаңа буын ауысқан сайын, бұл қорқыныш еселене түседі.
Ювенойя — бұл қалыпты үрдіс. Үлкен буын мен жасөспірім арасын жылдар, технологиялар мен трендтер бөліп тастағандықтан, оларды біріктіріп, бірдей жүйеде ойлауға мәжбүрлеу мүмкін емес.
Статистикаға сүйенсек, бүгінгінің жастары олардың ата-анасымен салыстырғанда әлдеқайда ақылды әрі ұйымдастыру қабілетіне ие.
Жастар болашақтың іргесін қалайды. Заман – уақытпен өлшенеді. Ал, уақыт бір орында тұрмайды. Соны есіңізде сақтаңыз.