- Негізгі бет
- Психология
- Ересектер жиі өкінетін...
Ересектер жиі өкінетін 7 нәрсе
Жастық шақта өмірдің бар қызығы әлі алда деп ойлаймыз. Сондықтан біз қазіргіге аса мән бермей, көптеген істі кейінге қалдыра береміз. Бірақ есейгенде өткен қателіктерді ойлап, өкінгенше өз өміріңізді қазірден бастап қолға алған дұрыс. Жастық шақта қандай қателіктерден аулақ болу керек?
Тәуелділіктер мен зиянды әдеттерден уақытында арылмау
Зиянды әдеттерден арылу ешқашан кеш емес. Бірақ ұлғайған жаста одан бас тарту әлдеқайда қиын. Біріншіден, ағза мысалы, алкогольдің күнделікті мөлшеріне қатты үйреніп қалады. Екіншіден, тәуелді адамның уақыт өте жаман әдеттен арылу ниеті жоғала бастайды, себебі онсыз өмірін елестете алмайды.
Ал жас кезде зиянды әдеттерден арылу оңай. Ол үшін алдымен сол процеске деген көзқарасыңызды өзгертіңіз және одан бас тарту қандай артықшылықтар әкелетінін ойланыңыз.
Мамандықты өзі таңдамау
Мамандық таңдау — әр адамның өміріндегі ең қиын және жауапты сәттердің бірі. Әрине, қазір заман бөлек: қай кезде болмасын не нәрсені болса да, тіпті, үйден шықпай-ақ үйренуге мүмкіндік бар. Бірақ бұл мамандық таңдаудың маңыздылығын жоққа шығармайды. Ересектер бір кездері өз армандарынан бас тартып, ата-анасының айтқанымен жүргендері үшін жиі өкінеді. Соның салдарынан өмір бойы өз жұмысын жақтырмай, кәсіби тұрғыда бір орында «тұрып қалады».
Мамандықты өзіңнің қалауыңа, біліміңе және дағдыларыңа қарай таңда. Өзіңнің өмірлік жолыңды анықтау кезінде басқалардың тәжірибесіне азырақ мән беріп, өзің үшін шынымен де маңызды нәрсе туралы ойла.
Кеткісі келетіндерді ұстап қалуға тырысу
Үмітсіз қатынасты құтқару немесе сақтағы келу — көпшілік өкінетін жастықтың бір қателігі. Сені ешкім жақсы көрмейді деген басқалардың ойына мән беремін деп, өзіңізді нағыз адамыңызды кездестіру мүмкіндігінен айырасыз.
Басқалардың ойынан шыққысы келу
Қоғамдық қысыммен, әсіресе, жастық шақта күресу қиын. Бірақ барлық уақытыңыз бен күшіңізді басқалардың ойынан шығуға жұмсайтын болсаңыз, ол жақсы нәрсеге әкелмейді. Өз өміріңізді басқара алатын және өздігінше шешім қабылдай алатын мықты адам болуға ұмтылыңыз. Барлық адамның көңілінен шығу мүмкін емесін түсініңіз.
Уақытты босқа өткізу
Көптеген ересектер уақытты бос жоғалтқандары үшін өкінеді. Бітпейтін кештер, жалқаулық, ұзақ дұрыс емес қатынас: ересектердің көпшілігі өз уақыттарын тиімді қолданбағандары үшін өкінеді.
Сіз де бұл қақпанға түспеуіңіз үшін басымдылықтарды бірінші кезекке қойып, қандай мақсатқа жеткіңіз келетінін анықтаңыз. Жаңа тілдер үйренуге, спортқа, кітап оқуға және сізді дамытатын басқа да істерге көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз.
Тәуекел етуден қорқу
Бұл жағдайда тәуекел деп тыйым салынған заттарды тұтыну немесе қауіпті көлік айдау жайлы айтылып тұрған жоқ. Өмірлік махаббатыңды жіберіп алғаның, қандай да бір жұмыстан бас тартқаның немесе керісінше, жаңа қызметте өзіңді сынамағаның, шетелге көшуден қорыққаның үшін өмір бойы өкінуің мүмкінсің.
Денсаулыққа қатысты проблемаларды елемеу
Жастық шақта бізге ағза әрқашан осындай мықты, сымбатты және сау болатындай көрінеді. Ал негізінде денсаулықты күтуді жас кезден бастау керек. Бұл сіздің есейген кезіңізде де жақсы көрінуіңізге және анық ойлауыңызға көмектеседі.
Спортпен айналысыңыз, таза ауада серуендеуден бас тартпаңыз, жүйелі түрде дәрігерлерге қаралып тұрыңыз, ауыз қуысы денсаулығына аса мән беріңіз. Бұлар сізді тонуста ұстап қана қоймай, сондай-ақ қандай да бір ауруларды алғашқы кезеңінде анықтап, уақытында емдеуге мүмкіндік береді.
А. Жапатова