Ерді ер қылатын – әйел!

Ерді ер қылатын – әйел!

Ерді ер қылатын да, жер қылатын да – әйел.

***

Мен ежелден мұндай жанға жайлы таксиге отырып көрмеген екенмін. Тап-таза көлік іші ғана емес, адамға рух пен мейірімді қатар сыйлайтын ортасы адамды алаңсыз сезімге бөлейді екен. Ал тізгінде өз жас шамасынан жас әрі рухты көрінетін 40 жас шамасындағы жігіт ағасы отыр.

Көлік орындығының қабы тап-таза, артқы терезе алдына мұқият қатталып қойылған сырт киім. Бірнеше қап мандарин шайы, бірнеше бөтелке минералды су... Мен алғашында мұның бәрін жолаушыларға сататын заттар екен деп қалыппын.

Менің ішкі таңданысымды бірден сезе қойды ма екен, жаңағы тізгінде отырған жігіт ағасы сөз бастады:

- Мұның бәрін ханымым салым қойған еді. Жаздың ыстығында жолаушылардың ішіп, шөл басуына болады. Ал ана сырт киімді де кеште мені жаурап қалмасын деп сол ханымым салып қойған, - деді әрі мақтанышпен, әрі ұялыңқырап.

Мен оның қуанышты жүзіне қарап, бақытты жан екенін бірден аңғардым. Әрі бір жолаушы ретінде рақметімді айттым. ол тағы:

- Ал мынау мен үшін арнайы әзірлегені, - деді сарғыш түсті сусын құйылған бөтелкесін алып.

Оның жары бұл таксиді бейне бір үйді реттегендей етіп орналастырыпты. Осыдан-ақ оның күйеуін құрметтеп қана қоймастан, шын сүйетінін аңғаруға болатын еді. Оның жары ақшасына сүйенген қалталы емес, болымсыз атағына сүйенген үкімет қызметкері де емес. Ол бір қарапайым такси жүргізушісі ғана. Ал шын мәнінде кез келген ер азаматты сүйетін әйел болса болғаны, ол азамат қашан да қадірлі болмақ.

Басқалар кемсіткен кезде жігіттер қарсыласына «Мен де анамнан туғанмын» дер еді. «Мені де сүйетін әйел заты бар» деген сөзің бағасы да зор екен-ау.

Қаншама қарапайым азамат болса да, оны сүйетін өмірде бір әйелдің болғаны ол үшін мақтаныш. Әрі сол үшін тағдырдың қатал тұстарында да төзімділік таныта алады. Ер-азаматты өзін шын сүйген жардың сүйіспеншілігі жігерлендіре түседі. Ол сонда ғана отбасы, жанұясы үшін отқа түсуге әзір.

Жақсы әйел – өз жарының мектебі. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек