- Негізгі бет
- Психология
- Ері зайыбынан не...
Ері зайыбынан не қалайды?
Қай-қай жігіт те өзін нағыз ер азамат сезінуі үшін жұбайының өзіне бағынышты болғанын қалайды. Қазақта қашанда ері әйелінен бір саты жоғары тұрады. Бұл жазылмаған заң қанша ғасыр өтсе де күшін жоймауы тиіс. Жігіттердің көпшілігі нәзік жандыларға былай айтқысы келеді.
Сен мені тыңда. Бірақ сөзімнен мін іздеудің, қателік табудың қажеті жоқ.
Сөйлеген кезде өзім сұрамасам, ақыл айтып, көсемсімеуіңді сұраймын.
Менен ештеңе талап етпей, тек сенім білдіріп, қолдау көрсетші.
Маған демеу болуыңды тілеймін, бірақ менің мәселелерімді шешіп беруге тырыспа.
Қамқорлық таныт, бірақ анасы баласына қарағандай қарым-қатынас жасама.
Құшақтасаң да, тұншықтырма.
Мені жігерлендір, қанаттандыр, бірақ өтірік көлгірсіме.
Әңгіме арасында маған қолдау көрсет, бірақ мен үшін жауап берудің керегі жоқ.
Маған сондай жақын бол, бірақ өзіме де бос кеңістік қалдыр.
Менің жағымсыз қасиеттерімді біле отырып, сол кемшілігіммен бірге қабылда.
Өмірге менің көзіммен қара, мені өзгертуге тырыспа.
Бұл сөздерді бірі сыйлағаннан, бірі бата алмағаннан айта алмауы мүмкін. Алайда әр әйел затының біліп жүргені абзал. Ер адам жарының бастапқы қалпында өзгеріссіз қалғанын қалайды. Ал әйел заты үнемі ер азаматын жақсы жағына өзгертуге тырысып отырады. Құпиясы сол, ер адам оны зайыбы бар қалпында қабылдай алған кезінде ғана өздігінен жақсы жаққа өзгеруге талпынады.
Келісесіздер ме, азаматтар?
@. @assel_assanova