Ер мен әйелдің бірдей іс-әрекеті "бірдей" емес

Ер мен әйелдің бірдей іс-әрекеті "бірдей" емес

Неміс психологтары ерлер мен әйелдердің бірдей іс-әрекетін адамдар қалай саралайды деген зерттеу жүргізіпті. Зерттеу барысында қызметтегі жәйттар қарастырылды. Психологтардың тұжырымы бойынша ерлер бірдей жәйттардағы әйелдердің іс-әрекеттерін кемшілік деп санаса, өз іс-әрекеттерін абырой деп санайды екен.

Мысалы:
- телефонмен ұзақ сөйлесуді ерлер маңызды шаруа жайлы әңгіме деп есептейді, ал әйелдердің бұл іс-әрекетін телефонмен өсек айту деп қарастырады;
- егер ер адам жұмыстан кеш қайтса – маңызды шаруаларды бітіріп, клиенттермен кездесті деп есептеледі, ал әйел адам дүкен аралады, ақша құртты және т.с.с. оғаш ойлар келеді;
- қарсы жыныстағы әріптестер ұрсып қалса, онда ер адам өз пікірін екпінмен жеткізіп жатыр деп есептеледі, ал әйел – жай ғана бетбақ;
- егер екеуі де айғайласып жатса, онда ер адам қайратты және қайсар, ал әйел адамды мұндай жағдайда агрессиялы дейді;
- егер екеуі де бейберекет киінетін болса, онда ерлер жайлы: оған киімнен бұрын жұмыс маңызды дейді, ал әйелді салақ дейді.

Неміс психологтарының ұйғарымы: егер әйел адам тартымды және сәнді киінетін болса ғана оның тағы басқа құндылықтары бар деп есептеледі. Шынайы теңдік жайлы айту орынсыз, тіпті ер мен әйел бірдей жұмыс атқарса да.

Сурет: colady.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina