Кейде адамдар бір-бірімен түсінісе алмай жатады. Әрине, оған себеп біздің түрлі жаратылыс иесі болуымызда екенін жақсы білеміз. Алайда, ер мен әйел арасындағы айырмашылық тек физиологиялық деңгейде ғана емес, тіпті нейрондық іргетасынан бастау алатын гендерлік ерекшеліктері де бар екен.
Ми
Дат ғалымы Берт Паккенберг зерттеуіне сүйенсек, ер адам миындағы жасуша саны төрт миллионға артық екен. Бірақ, арнайы бақылау бойынша әйелдер оларға қарағанда 3%-ға жоғары нәтиже көрсетеді екен. Бұл қорытындыға себеп болып отырған оң және сол жақ ми жартышарларын байланыстырушы қабат болып шықты. Бұл қабат ерлерге қарағанда нәзік жандыларда қалыңырақ келіп, байланысты 30%-ға көбірек жүзеге асырады.
Жалпы, ер адамның миы бірнеше шағын бөлшектерге бөлінген. Ол бір нәрсеге назарын толыққанды аудару арқылы жақсы нәтиже көрсететін болса, әйел адам бірнеше істі бір уақытта игеруге қауқарлы.
Мысалы, қыздар көлік жүргізе отырып, әңгіме де айтып, боянып та үлгереді. Ал, оқып отырған ер азамат айналасындағы естімейді. Олардың ұйықтау ерекшеліктері де қызық: бұл кезде ерлердің ми белсенділігі 70%-ға, ал әйелдердікі бар болғаны 10%-ға бәсеңдейді.
Сөйлеу қабілеті
Сөйлеу қабілетіне ерлер минының сол жақ жарты шарындағы орталық жауап берсе, әйелдерде мұндай орталық екі жарты шарда да болады.
Ер адамның сөзі терминдер мен сөздерге толы болады. Ал, әйел затының сөйлеуі эмоциялық көңіл-күйге негізделеді екен. Сөйлесу арқылы байланыс ортану әдетте әйелдерге тән қабілет. Сол себепті, олардан жақсы қорғаушы, мұғалім және тәрбиеші шығады. Күніне әйел аузынан шығатын 8000 сөздің 3000-ға жуығы дыбыстар. Олар, сондай-ақ, 10 000 бейвербалды белгілер қолданады. Ерлер аузынан 4000 сөз шықса, олардың 2000-ы дыбыс және 3000 қол қимылын қолданады. Әдетте, әйел қасындағы адаммен сөйлессе, ерлер өз-өзімен сөйлеседі.
Кеңістікті бағдарлау қабілеті
Әйелдердің көп бөлігінің осал тұсы – кеңістікті бағдарлау қабілетінің нашарлығы. Осыны тексеру мақсатында лабиринтте жүргізілген тәжірибе бойынша ерлер – 92%, ал әйелдер – тек 8% нәтиже көрсетті! Мысалы, көлікті тратуарға параллель әрі жақын қою 82% еркектің қолынан келеді, соның ішінде 71% – бірінші талпыныстан-ақ. Әйелдердің 22% ғана көлікті тұраққа дұрыс қойғанымен, бұл бірнеше талпыныс нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Әйелдердің географиялық карталар бағдарлауынан да қиындық туындайды. Тәжірибе үшін Англияда 1998 жылы арнайы екі түрлі карта шығарған екен. Олардың бірі классикалық, екіншісі төңкерілген карта сызбасы болыпты. Сол дәcтүрлі емес картаны оңтүстікке саяхат жасауға жиналған 15000 әйел адам сатып алған. Кейбір әйел затында Х-хромосоманың бірі жоқ болатын жағдайлар да жолығады. Ондай адамдардың кеңістікте бағдарлауы мүлдем нашар болатыны себепті мүлдем көлік айдамайды.
Көру қабілеті
Адамның көз қарашығында шамамен 7 миллион рецептор орналасқан. Олар түстерді ажырату қабілетіне Х-хромосома негізінде жауап береді. Ал, әйелдерде бұл хромосома екеу, соған сәйкес олардың түс ажырату қабілеті де жоғары.
Әңгіме барысында олар: «теңіз толқынының түсі», «құм түс», «ашық қызғылт» деген сөздерді қолданады. Ерлер болса, нақты қызыл, сары, жасыл деп ғана айтады. Бірақ, шыны керек ұлы суретшілер қатарында әйел заты аз кездеседі. Олардың периферийлік көру қабілеті дамыған. Кейбіреуінде бұл қасиет 180 градусты қамтиды. Сондықтан, әйелдер басын бұрмай-ақ жанында не болып жатқанын көре алады.
Ерлер болса, тек алдындағысын көреді. Осы көру аймағының тарлығынан ерлер көп көлік апатына ұшырап, кейбір жанында тұрған нәрселерді таба алмай жатады. Бірақ, олар қараңғыда анық көруімен қоса, белгілі бір затқа дейінгі нақты қашықтықты сезе алады.
Есту қабілеті
Әйелдер жиілігі жоғары дыбыстарды жақсырақ аңғарады. Туғанына бір апта болған қыз анасының дыбыстағанын естиді екен. Әйелдер дыбыстық өзгерістерді ажырата алатыны себепті, адамның алдап тұрғанын сезіп қояды. Әйелдер дыбысты естісе, ерлер бағытты "естуге" қабілетті келеді. Сол себепті шыққан дыбысты алдымен әйел естиді, ал ер адам оның қай бағыттан шыққанын дәл табады.
Сезім түйсігі
Әйелдің терісі ерлерге қарағанда 10 есе сезімтал келеді. Ағылшын ғалымдары зерттеуінше, ең сезімтал деген ер адамның өзі сезімталдығы ең төмен деген әйелдің қабілетіне жете алмайды екен. Өйткені, еркек атаулының терісі қалың келеді. Олар жұмыс істеген кезде сезім түйсігі мүлдем нашарлап кетеді де, олар ауырпашылық сезбейді.
Дәм мен иіс сезу қабілеті
Ерлер ащы мен тұзды дәмді жақсы сезеді. Олардың сыраны сүйетіндігінің себебі де осыда. Әйелдер болса, тәттіні сезгіш келеді. Сондықтан болса керек, шоколад сүйгіштер қатарында әйелдер саны басым. Иіс сезу қабілеті бойынша әйелге тең келер жаратылыс иесі жоқ. Ғалымдардың зерттеуінше, оларға иісті сезу үшін 3 секунд жеткілікті.