- Негізгі бет
- Психология
- Ер мен әйелдің...
Ер мен әйелдің 10 айырмашылығы
Ер мен әйелдің болмысы табиғатынан екі түрлі екені рас. Бүгін біз сіздерге олардың айырмашылықтары мен болмысы туралы қызықты ақпарат ұсынғанды жөн көріп отырмыз.
Ер адамдарға қарағанда әйедер қауымы табиғатынан тез тіл табысқыш болып келеді. Сондықтан да ер адамдар жиі жаға ұстасып қала береді. Ал әйелдер сол үшін де тауар сатып алғанда бағасын төмендетіп түсіріп алады.
Ер адамдар тілін логика арқылы жұмыс жасатқызса, әйел адамдар тілге эмоция мен интуицияны тірек етеді.
Ер адамдардың әйелдер қауымына қарағанда есту қабілеті төменірек. Сондықтан ерлерге қарағанда нәзік жандылар біреудің сөзіндегі зілді анық естиді. Әйелдердің көру қабілеті еркектердікінен жақсы жұмыс жайтынын олардың майда-шүйдеге шейін мән беріп отыратындығынан байқаймыз. Ал ер адамдар, басқа-басқа әйелдің дене-бітіміне көз салғанда көру қабілеттерінің қалай жақсарып кеткеніне өздері де қайран қалады.
Ер адамдарға қарағанда әйелдердің ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
Әйел адамдар мен ер адамдар анекдоттарды әртүрлі қабылдайды: Жігіттер қауымы анекдоттың соңындағы күлкілі тұсын күтіп отырса, қыздар қауымы анекдоттың тілінің шұрайлылығын, беретін тәрбиелік маңызын, шешімі мен көркемдігін зерттеп кетеді.
Әйелдер қауымы еркектердің күнде айтатын сөзінен үш есе көп сөз айтады екен.
Әйелдің өзіңізге деген сенімін сақтау үшін оны 20 секунд қатты құшақтап тұру да жеткілікті.
Ер адамдар нақты ғылымда, ал әйелдер гуманитарлық салада жақсы маман бола алады.
Ер адамдар бір ақпаратты қабылдап, оны ой сарабынан өткізіп тұрғанда, әйелдер бірнеше ақпаратты қабылдап, ер адамға «Әлі ойланып тұрсың ба?» деп шамданып үлгереді.
Ер адамдар жолдан адасып қалса, бұрылыстар арқылы немесе ара-қашықтық арқылы жол табады. Ал әйелдер жарнамалар мен ілініп тұрған жазуы не суреті бар тақтайшалар арқылы адасқан жолын есіне тез түсіре алады.
А. Әбілхан