- Негізгі бет
- Психология
- Ер азаматтың талғамына...
Ер азаматтың талғамына қарап мінезін таны
Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге ер азаматтың жүріс-тұрысы мен киген киіміне және болмысына қарап нені анықтауға болатыны жайлы сыр бөліспекпіз. Ер азаматтың талғамы мен әйелін және ата-анасы мен ұстазын қалай тануға болады?
Иіс суына қарап талғамының қаншалықты деңгейде екендігін білуге болады. Жігіттердің көбінің иіссу таңдағанда жолы бола бермейді. Иіссу таңдау дегеніңіз шараптың түрі мен шыққан жылын дәміне қарап анықтау секілді қиындау шаруа. Иіссуді дұрыс таңдай алатын жігіттің жалпы талғамын жоғары бағалауға болады.
Киген киіміне қарап әйелінің қаншалықты деңгейде пысық екендігін білуге болады. Ер адамның үстіне киген киімі оның әйелінің тазалығынан хабар беріп тұрады. Қыры мен сәні келіскен киім киген және киімінде бір де бір дақ пен кірі жоқ ер азамат әйелінің тазалығы жөнінен өзгеше дараланып тұрады. Ал үстінде үтіктелмеген мыж-мыж, жағасы кір жейдесі бар, аяғында шаң-шаң батпаққа малынған аяқ киімі бар ер адамның әйелінің нас екенін жұрт бірден анықтап, іштей аяп тұрады.
Тәрбиесіне қарап әке-шешесінің қаншалықты деңгейде саналы әрі, текті екендігін анықтауға болады. Баланың тәрбиесі мен тәліміне қашанда ата-ана жауапты. Бала сәл оғаш қылық жасаса, бірден «Ата-анасынан дұрыс тәрбие алмаған» деп сөгеді ел. Ұяда көргенін ұшқанда ілетін баланың тәрбиесі ата-анасының тәлімінен хабар береді.
Білімділігіне қарап ұстазына баға беруге болады. Балаға қырық әріптен бастап, он бір жылдық білім берген мұғалімдерінің де әдістемесі мен білім беру шеберлігін баланың білімділігі мен алғырлығынан білуге болады.
Ұқсас жазбалар:
Кинотеатр мәдениетті талап етеді
А. Әбілхан