Еркек – бір отбасының отағасы. Ол – бір үйдің жары, балалардың әкесі, елдің тұтқасын ұстаған азамат. Ерлер қауымы жайлы ең қызықты деректермен таныс болыңыздар!
Жуырда Ұлыбританиялық атақты басылымда ерлер жайлы сауалнама қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде, ерлердің 45%-ы өз әйелі артық салмақ қосса оған деген сезімі суыйды екен.
Бойдақтардың жартысы 27 жасқа дейін ата-анасымен бірге тұрады.
Көпшілік ерлердің көзқарасы бойынша әйелдің дене бітіміне қарағанда түр-әлпеті маңыздырақ.
Ерлердің басым көпшілігі көмірге кәуап пісіргенді жақсы көреді. Негізінде, кез келген іс қауіп-қатермен байланысты болса еркектер үшін қызықты бола түседі.
1900 жылдары бүкіл әлемде мейірбике әйелдерге қарағанда санитар ерлер көп болған. Қазіргі уақытта олар – 10%.
Бойдақтардың 30%-ы ғана нағыз махаббатқа сенеді.
Ерлердің 25%-ы екінші жартысының көңіліне қаяу салмау үшін өтірік айтады.