Егер еркекті аясаңыз, одан әрі өсіп-дамуына кедергі боласыз. Ер жігіт әйел затына қарағанда мықты болып жаратылған. Сондықтан нағыз еркек басына түскен ауыртпалықты көтере алады.
Қолдау білдіру дегеніміз – "сенің жаныңдамын, сен қандай жағдайға тап болсаң да, сені тастамаймын, сен – мықтысың, бәрін жеңесің, күшің жетеді" деп айту. Ал "оның қолынан келер ме екен, бұл жұмыс оған ауыр" деу – еркекті мүсіркеу. Ол – сіздің балаңыз емес, сіз оның анасы емессіз. Еркектің өз күшіне сенуіне, отбасының отағасы болуына мүмкіндік беріңіз.
Ер адамға қалай қолдау көрсетуге болады?
Ең бірінші ереже – аямаңыз, мүсіркемеңіз. Ер адам оны қажет етпейді, өйткені, ол бізден мықты болып жаратылған.
Екіншіден, оның қиындықтарын шешемін деп әуре болмаңыз. Басына түскен ауыртпалықты жеңілдетем деп алдын кес-кестемеңіз. Әйелдің тасасына тығылатын жасық еркек жасап шығармаңыз.
Үшіншіден, оны тыңдай біліңіз. Еркектер әдетте көп сөйлемейді. Ашылған кезінде мұқият тыңдап, ішкі дауысын естуге тырысыңыз.
Төртіншіден, ер адамды мақтаңыз. Оның жақсы қасиеттерін айта беріңіз. Жеткен жетістігін үнемі есіне түсіріп отырыңыз. Жұрттың көзінше жарияға жар салсаңыз да артық етпейді.
Бесіншіден, ер адамға сеніңіз. Оның қолынан бәрі келеді. Өйткені ол – еркек. Оған сенім білдірсеңіз, отбасында сіз ханшайым боласыз, ол патшаға айналады.