Жігіттер алғашқы кездесуде тәбеті күшті емес екенін көрсету үшін қантсыз кофе не көк шайға тапсырыс беріп әуре болмайды. Екінші, үшінші кездесулерде де солай.
Олар тырнағында кеуіп үлгермеген лак бір жерге жұғып, бүлініп қалады деп қам жемейді.
Ерлер романтикалық кешкі асқа дайындалу үшін үш сағат ыстық пештің жанында тұрмайды, тек гүл сатып алса, шаруаның біткені.
Жігіттер бойдақ болса, жас қыздарды алуға мүмкіндігі бар, демек кеш үйлену олардың пайдасына шешіледі. Ал отырып қалған кәрі қыздарға мұндай игілікті іс бұйырмайды.
Олар үстіндегі артық түкті жұлып әурешілікке салынбайды.
Құрсағында 9 ай бала көтеріп, 12 сағат толғаққа қиналып жаны ауырмайды.
Бояуға, әшекейге, киімге қыздар секілді көп қаражат жұмсамайды.
Ол тамақ әзірлеп білмейтін болса, еш сөкеттігі жоқ. Ал бір тамақ істей алатын болса, оны шеф-аспаздан кем көрмей құрметтейміз.
Жігіттерде енеге байланысты мәселе болмайды. Себебі олар бір үйде тұрмай, алыстан сыйласады. Қайын жұртына байланысты мәселелерге де бас қатыра қоймайды.
Ер-азаматтар тартымды көрінуі үшін өкшелі аяқ киім киіп, жанын қинамайды.
Алған жары өзінің 10, 15 жас, тіпті 25 жас кіші болуы мүмкін. Ол мұны достарының алдында мақтан тұтып жүреді.
Ол қызға бірінші жазады, бірінші хабарласады, есік алдында сағаттап күтіп тұрса да, ешкім оны сөкпейді. Қыз қашан хабарласар екен, қай кезде сөз салар екен деп күтіп сарылмайды.
Таңертең макияжсыз түрім қандай болып тұрады деп уайымдамайды.
Бір атақты фильмдегі кейіпкер айтқандай, ажырасқаннан кейін еркек басы бос адамға айналады, ал әйел тастанды әйел болып қалады.
Оларды жұмысқа қабылдар кезде «баласы бар», «декретке шығып кетеді» деп алмай қоймайды.