- Негізгі бет
- Психология
- Энергетикаңызды құртатын 5...
Энергетикаңызды құртатын 5 нәрсе
Энергетика — сыртқы түрлі көздерден қоректендіруді қажет ететін адам тұлғасындағы маңызды құрылым. Оның болмауы немесе жетіспеуі адамның эмоционалды да, физикалық та жағдайына әсер етеді.
Кез келген адам энергетикаға ие. Кей адамдарға интуитивті түрде тартыласыз, олармен сөйлескіңіз келеді. Ал бір адамдарға, тіпті, жолағыңыз келмейді. Біреулерден позитивті және жағымды эмоциялар тарап тұрса, басқалар айналасына негативті алаң түзеді. Жағымды энергетикасы бар адамдар жиі ашық, көпшіл және білімқұмар келеді. Олармен сөйлескенде жағымды әсер пайда болады, көпшілік мұндай адамдардан кеңес немесе көмек сұрайды. Энергетикасы күшті адамдар өз энергиясының көздерін табуды және оны "қуаттаудың" әдістерін біледі. Сіздің энергетикаңызға жақсы жағына әсер етпейтін нәрселер бар. Осылардан арылуға тырысыңыз.
Жағымсыз орта
Досына қарап, адамды таны. Ойлауы негативке және жағымсыз эмоцияларға бағытталған адамдармен араласу сізге тікелей әсер береді. Мұндай адамдармен ұзақ аралассаңыз, олардың ойлауы сіз үшін үйреншіктіге айналады. Ал сіздің энергетикаңыз әлсіз бола түседі.
Ойлау тәсілі
Энергетика — бұл жеңілдік, позитив және ішкі көңіл күйдің үйлесімі. Егер ойыңыз ашу, агрессия, реніш, келіспеушілік және наразылыққа толы болса, сіздің ішкі күштеріңіз ішкі "батарейкаңызды" қуаттамайды, керісінше, жұмсайды. Өз-өзіңізбен қаншалықты жайлы болсаңыз, ішкі үйлесімділікті қаншалықты қатты сезінсеңіз, энергетикаңыз соншалықты жарқын болады.
Ұрыс-керіс, жанжалдар
Қалай қуатталуды ғана емес, сондай-ақ энергияңыздың қайда кетіп жатқанын да білу маңызды. Жанжалдар бірінші кезекте сіздің көңіл күйіңізге және ішкі жағдайыңызға әсер етеді. Олар ішкі тепе-теңдік пен тыныштықтың жоғалуына ықпал етеді. Ұрыс кезінде негативті эмоцияларды шығаруға көп энергия кетеді, ал оны қалпына келтіруге көп уақыт қажет. Ал созылып кеткен жанжалдар жағымды эмоциялардың орнын толықтыруға да мүмкіндік бермейді.
Ретсіздік пен ескі заттар
"Бұл жерде энергетика жаман" деген сөзді біреуден естіген немесе өзіңіз айтқан боларсыз. Энергетикаға үйдегі заттар да әсер ете алады. Әдетте, оған ретсіздік, ластық, ескі және сынған заттар ықпал етеді. Оған сізді уайымдататын немесе қайғыртатын заттарды да жатқызуға болады. Ол қайтыс болған туыстарыңыздан қалған заттар, бұрынғы жігітіңіз берген сыйлықтар болуы мүмкін.
Үй сізге жайлылық сыйлайтын жер болуы керек. Сіз ол жерде демала алуыңыз керек. Ескі және қажет емес заттарды сақтау үйде жағымсыз энергетиканың айналуына ықпал етеді. Бұл күніңіздің жақсы басталуына кері әсер етеді.
Токсик қарым-қатынас
Қарым-қатынаста сіз қиналсаңыз, бұл сізді іштен жегідей жейді. Позитивті ойларыңыз бен жақсы көңіл күйіңіз бірден мұңаюға және шаршауға ауысады. Егер қарым-қатынаста проблема бұрыннан бар болса және ол шешілмей жүрсе, ресурсты жағдайда болу өте қиын.
А. Жапатова